+75 бонус

ЛЕКАДОЛ 500мг №18 таб

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 500.0 мг парацетамол қосымша заттар: желатинделген крахмал, повидон, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, стеарин қышқылы, магний стеараты, гипромеллоза, гидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), лимон хош иістендіргіші, тальк, тазартылған су
Қолданылуы
- айқындылығы орташа немесе әлсіз білінетін ауырсыну синдромында (бас, тіс ауыруы, бас сақинасы, невралгия, миалгия), буындар мен бұлшықеттердегі ауырсынуда, тамақтың ауыруы, ауыртатын етеккір және стоматологиялық араласудан кейінгі, остеоартрит кезіндегі ауырсынуда - суық тию және басқа инфекциялық-қабыну аурулары кезінде дене температурасының жоғарылауы
Қарсы көрсетілімдер
- парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 10 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер, егде жастағы адамдар және 16 жастан асқан балалар: Қажеттілігіне қарай тәулігіне төрт ретке дейін бір немесе екі таблетка (әр 6 сағат сайын). Балалар: 10-15 жаста: қажеттілігіне қарай тәулігіне төрт рет бір таблеткадан (әр 6 сағат сайын). 10 жасқа дейінгі балаларға жарамайды. Балаларға ЛЕКАДОЛ® таблеткаларын дәрігермен кеңесусіз 3 күннен артық қабылдауға болмайды. Бұл дозаларды әр төрт сағаттан жиі қайталауға болмайды және 24 сағат ішінде төрт дозадан артық енгізуге болмайды. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттер және Жильбер синдромы бар пациенттер: Пациенттердің осы тобы дәрілік затты аз дозада немесе неғұрлым ұзақ аралықпен алуы тиіс. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатин клиренсі <10 мл/мин (0,17 мл/с)) қабылдау арасындағы аралық 8 сағаттан аз емес болуы тиіс. Балалар 10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Тек ішке қабылдауға арналған. Көрсетілген дозадан асырмаңыз. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Препаратты тамақтан кемінде бір сағат бұрын жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қолданудың барынша көп ұзақтығы – 3 күн. Егер симптомдар сақталса, дәрігермен кеңесу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.