+94 бонус

Лейковорин-Тева 10мг\мл

1885 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Тева
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – кальций фолинаты 10.80 мг (10.000 мг фолин қышқылына баламалы) қосымша заттар: натрий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Кальций фолинатын қолдану: Жоғары дозада қолданылатын метотрексаттың уытты әсерінің профилактикасы. Фолий қышқылының антагонистерімен (метотрексат, триметоприм және пириметамин) уыттану. Колоректальды обыр (фторурацилмен біріктірілген ем құрамында). Фолий қышқылы тапшылығынан туындаған мегалобластық анемия (оның ішінде мальабсорбция синдромы, жеткіліксіз тамақтану, жүктілік, спру, ерте балалар жасында дигидрофолатредуктазаның туа біткен жеткіліксіздігі).
Қарсы көрсетілімдер
Кальций фолинатына немесе препараттың құрамына кіретін кез келген басқа компонентке жоғары сезімталдық. Цианокобаламин (В12 дәрумені) тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия.
Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар Енгізер алдында кальций фолинаты бар құтыны көзбен шолып тексеру керек. Бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді мөлдір және сары түсті болуы керек. Егер бұлыңғырлануы немесе қосылыстардың болуы байқалса, онда мұндай ерітіндіні қолдануға болмайды. Инъекцияға немесе инфузияға арналған кальций фолинатының ерітіндісі бір рет қолдануға арналған. Пайдаланылмаған ерітіндіні цитоуытты заттарды утилизациялау процедурасына сәйкес жою керек. Ерітінді бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіледі, препаратты интратекальды енгізуге тыйым салынады. Метотрексаттың интратекальды артық дозалануынан кейін кальций фолинатын интратекальды енгізу кезінде өлімге әкеп соқтырған жағдайлар сипатталды. 1 минутта вена ішіне енгізгенде ерітінді құрамында кальций болуына байланысты кальций фолинатын 160 мг асырмай енгізу керек. Вена ішіне енгізу кезінде кальций фолинатын қолданар алдында 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісімен сұйылтуға болады. Инъекцияға арналған ерітінді дайындау кезінде кальций фолинатын Рингер ерітіндісімен, лактаты бар Рингер ерітіндісімен, 10% декстроза ерітіндісімен, 5% декстроза ерітіндісімен, 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен 0,06 мг/мл бастап 1 мг/мл дейінгі концентрацияға дейін сұйылтуға болады. Алынған ерітінді 24 сағат бойы тұрақты болады. Қалған ерітіндіні пайдалануға болмайды. Жоғары дозада қолданылатын метотрексат уытты әсерінің профилактикасы Кальций фолинатымен емдеу сызбасы метотрексаттың орташа және жоғары дозаларымен емдік сызбасына байланысты, сондықтан қажетті ақпарат алу үшін метотрексатпен емдеудің тиісті хаттамасына жүгінген жөн. Төмендегі келтірілген нұсқаулар ересектерде, егде адамдарда және балаларда кальций фолинатының дозалары мен сызбасын қолдану кезінде қорғаныс мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Метотрексатты жоғары дозада қолданғанда уытты әсерінің профилактикасы ретінде мальабсорбция синдромы немесе ішекте сіңуі қиын болуы мүмкін ас қорыту жолдарының басқа патологиясы бар пациенттерде парентеральды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ішекте кальций фолинатының қанығып сіңуіне байланысты 25-50 мг дозасын парентеральды енгізу керек. Кальций фолинатының дозасы мен ұзақтығы, ең алдымен, метотрексатпен емдеудің түрі мен дозаларына, уыттылық белгілерінің пайда болуына және метотрексат шығарылуының жеке ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте, кальций фолинатының бірінші дозасы метотрексат инфузиясы басталғаннан кейін 12-24 сағаттан кейін (24 сағаттан кешіктірмей) енгізілетін 15 мг (6-12 мг/м2) құрайды. Дәл осындай доза әр 6 сағат сайын 72 сағат бойы тағайындалады. Сондай-ақ, жоғары дозаларда қолданылатын метотрексаттың уытты әсерінің профилактикасы ретінде кальций фолинатын қолдануға бөлінбейтін қосалқы шаралар, ол метотрексаттың шығарылуын жеделдетуге ықпал ететін шаралар (несеп шығару функциясының талапқа сай болуы мен несептің сілтіленуін қамтамасыз ету) болып табылады. Бүйрек функциясы күн сайын қан сарысуындағы креатинин концентрациясын өлшеу арқылы бақылануы тиіс. Инфузия басталғаннан кейін 48 сағаттан соң қан сарысуындағы метотрексат концентрациясын өлшеу ұсынылады. Егер метотрексаттың қалдық концентрациясы 0,5 мкмоль/л асса, онда кальций фолинатының дозалау режимі келесі кестеге сәйкес бейімделуі керек: Метотрексаттың қалдық концентрациясына байланысты жоғары дозада қолданылатын уытты әсерінің профилактикасы кезінде кальций фолинаты терапиясы ұсынылатын түзету Метотрексатты енгізу басталғаннан кейін 48 сағаттан соң қандағы метотрексаттың қалдық концентрациясы: Кальций фолинатының әр 6 сағат сайын 48 сағат ішінде немесе метотрексат концентрациясы 0,05 мкмоль/л төмендегенге дейін тағайындалатын қосымша дозалары: ≥0,5 мкмоль/л 15 мг/м2 ≥1 мкмоль/л 100 мг/м2 ≥2 мкмоль/л 200 мг/м2 Фторурацилмен біріктірілген цитоуытты ем Препаратты қолданудың әртүрлі дозалары мен сызбалары қолданылады. Төмендегі келтірілген нұсқаулар ересектерде және егде адамдарда фторурацилмен кальций фолинатының дозалары мен сызбасын қолдану кезінде қорғаныс мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Балаларда кальций фолинатының фторурацилмен біріктірілімін қолдану бойынша деректер жоқ. 50 мг жоғары дозаларды парентеральды енгізу керек. Жоғарылау дозаларды қолдану кальций фолинатының қанығып сіңуіне байланысты қандағы концентрацияның жоғарылауына әкелмейді. Екі айлық режим: 200 мг/м2 дозада кальций фолинатының вена ішіне инфузиясы екі сағат бойы, содан кейін 400 мг/м2 фторурацилді болюсті енгізу және 22 сағаттық фторурацил (600 мг/м2) инфузиясы әр 2 апта сайын қатарынан 2 күн бойы. Айлық режим: кальций фолинатын 20 мг/м2 дозада вена ішіне болюсті енгізеді немесе 425 мг/м2 немесе 370 мг/м2 фторурацилді вена ішіне болюсті енгізгеннен кейін бірден 2 сағат ішінде 200-500 мг/м2 инфузия түрінде, қатарынан 5 күн бойы. Апталық режим: кальций фолинатын 20 мг/м2 дозада вена ішіне болюсті немесе 200-500 мг/м2 бастап 2 сағат бойы инфузиялық енгізеді және 500 мг/м2 фторурацилді кальций фолинатының инфузиясының ортасында немесе соңында болюсті енгізеді. Фторурацилмен біріктірілімін қолданған кезде емдеу сызбасын емдеу кезеңдерін емделусіз аралықтармен алмастыру арқылы модификациялау қажет болуы мүмкін. Пациенттің жағдайына, клиникалық жауабына және терапияның уыттылық көріністеріне байланысты фторурацил дозасын түзету қажет болуы мүмкін (фторурацилді қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Қайталанатын циклдардың санын емдеуші дәрігер анықтайды. Лейкоциттер мен қан тромбоциттерінің саны тиісінше 3,5 мың/мм және 100,0 мың/ мм3 кем болған кезде ем тоқтатылуы тиіс. Асқазан-ішек жолынан қан кету, ауыр диарея (күніне ≥7 рет), эксфолиативті дерматит пайда болған кезде де емді тоқтату қажет. Фолий қышқылының антагонистерімен (метотрексат, триметоприм, пириметамин) уыттану. Метотрексатпен артық дозалану Кальций фолинаты енгізілген метотрексат дозасынан кейін 1 сағаттан кешіктірмей енгізілген метотрексатқа тең немесе одан жоғары дозада енгізіледі, бұдан әрі препарат уыттылық белгілері жойылғанға дейін әрбір 3 сағат сайын 10 мг/м2 енгізіледі. Триметопримнің уыттылығы Триметоприм, кальций фолинатын енгізуді тоқтатқаннан кейін клиникалық қан талдауы көрсеткіштері қалпына келгенге дейін тәулігіне 3-10 мг дозада енгізіледі. Пириметаминнің уыттылығы Пириметаминнің жоғары дозаларын қолданған жағдайда немесе төмен дозалармен емдеудің ұзақ кезеңінде бір мезгілде клиникалық қан талдауының көрсеткіштеріне байланысты тәулігіне 5-50 мг дозада кальций фолинатын енгізу керек. Лейкоциттер мен қан тромбоциттерінің саны тиісінше 3,5 мың/мм және 100,0 мың/ мм3 кем болған кезде ем тоқтатылуы тиіс. Асқазан-ішек жолынан қан кету, ауыр диарея (күніне ≥7 рет), эксфолиативті дерматит пайда болған кезде де емді тоқтату қажет. Фолий қышқылы тапшылығынан туындаған мегалобластық анемия кезінде кальций фолинаты тәулігіне 5 мг (ең көбі 15 мг) дейінгі дозада тағайындалады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.