+386 бонус

ЛЕФНО 20 мг №30 таб

7720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лефлуномид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - лефлуномид 20.0 мг, қосымша заттар: старлак, повидон K-30, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған тальк, ** Opadry KB White, тазартылған су. **Қабықтың құрамы Opadry KB White: макрогол (ПЭГ) поливинил спиртінің егілген сополимері, 1-винил-2-пирролидон-винилацетатты сополимер, титанның қостотығы (Е171), каолин, натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
Лефлуномид мынадай ересек пациенттерді емдеуге қолданылады: - ревматоидты артриті бар, белсенді фаза - псориаздық артриті бар, белсенді фаза. Гепатоуытты немесе гематоуытты ауру-модификациялаушы ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП), мысалы, метотрексатпен жақында болған немесе бір мезгілдегі емдеу күрделі жағымсыз реакциялардың жоғары қаупіне әкелуі мүмкін, демек, лефлуномидпен емдеудің басталуын пайда/қауіп аспектілеріне қатысты мұқият ойластырып алу қажет. Сонымен қатар, шайып шығару емшараларын орындамастан лефлуномидтен басқа АМРҚП ауысу да, тіпті ауысудан кейін ұзақ уақыт өтсе де, күрделі жағымсыз реакциялардың қаупін арттыруы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, негізгі белсенді метаболиті терифлуномидке немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (әсіресе алдында болған Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема) - иммунитет тапшылығының ауыр жағдайлары, соның ішінде ЖИТС - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - сүйек кемігі қаны түзілуінің айқын бұзылулары немесе басқа себептердің (ревматоидтық және псориаздық артриттен басқа) нәтижесіндегі анемия, лейкопения, тромбоцитопения - ауыр ағымды инфекциялар - орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі - ауыр гипопротеинемия, соның ішінде нефроздық синдром кезінде
Дозасы
Дозалану режимі ЛЕФНО® препаратымен емдеу ревматоидтық және псориаздық артритті емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен басталуға тиіс. Сарысудағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе глутаматпируваттрансфераза (ГПТ) белсенділігі және қан жасушаларының толық талдауы, соның ішінде лейкоциттер мен тромбоциттердің салыстырмалы талдауы, бір мезгілде және бірдей жиілікпен тексерілуге тиіс: - ЛЕФНО® препаратымен емдеуді бастар алдында - емдеудің алғашқы алты айы бойына әр екі апта сайын - содан кейін әр 8 апта сайын. Емдеу 3 күн бойы тәулігіне 1 рет 100 мг құрайтын қанықтырғыш дозасынан басталады. Әрі қарай ревматоидтық артрит кезінде ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Көтерімділігі нашар болса, демеуші дозасын тәулігіне 1 рет 10 мг дейін төмендетеді. Белсенді фазадағы псориаздық артриті бар пациенттерді емдеу үшін ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Емдік әсері емдеу басталғаннан 4 аптадан соң біліне бастайды және 4 - 6 ай ішінде күшеюі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат 18 жасқа толмаған пациенттер үшін ұсынылмайды, өйткені оның ювенильді ревматоидтық артритті емдеу кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозалауға қатысты ешқандай ұсынымдар жоқ. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды ішке, тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу арқылы қабылдайды. Ас ішу ЛЕФНО® препаратының сіңуіне әсер етпейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.