+106 бонус

ЛАЗОЛВАН 30 мг №20 таб

2130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: А.Наттерманн и Сие. ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - амброксол гидрохлориді 30 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, кептірілген жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған - секрециясының бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (амброксол гидрохлориді) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - шығарылу түріне байланысты 6 жасқа дейінгі балалар. 6 жасқа дейінгі балалар үшін Лазолван®  шәрбаты бар - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар - жүктілік кезеңі (жүктіліктің I триместрі) және бала емізу
Дозасы
6 -дан 12 жасқа дейінгі балалар: Әдеттегі доза тәулігіне 2-3 рет ½ таблетканы құрайды (тәулігіне 2-3 × 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: алғашқы 2-3 күнде 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), одан әрі 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Қажет болған жағдайда емдік әсерін күшейту үшін тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ішке ас ішуге қарамастан, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен (мысалы, су, шай немесе жеміс шырыны) шайнамай ішу керек. Емдеу ұзақтығы Қабылдау ұзақтығы шектелмеген, бірақ препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.