ЛАЗОЛВАН 15 мг/2 мл 100 мл раствор

3750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: А.Наттерман и Сие. ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
2 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: 15 мг амброксол гидрохлориді, қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, динатрий фосфаты дигидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су
Қолданылуы
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен (қақырықты тиімді шығару және жөтелді жеңілдету үшін) сипатталатын тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларында секретолитикалық ем ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа (амброксол гидрохлоридіне) немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық емдеуші дәрігер ұсынған жағдайларды қоспағанда, 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 6 жастан асқан балалар: Әдеттегі доза күніне бір рет немесе екі рет ингаляцияға арналған 2-3 мл ерітіндіні құрайды (күніне бір рет немесе екі рет 15-22.5 мг амброксол хлоридіне баламалы). Енгізу әдісі мен жолы Ингаляциялық Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Лазолван® ингаляцияға арналған ерітіндіні күніне бір рет немесе екі рет (күніне бір рет немесе екі рет 15-22.5 мг амброксол хлоридіне баламалы) пайдалануға болады. Емдеу ұзақтығы Дәрігердің бақылауымен қабылдау ұзақтығы шектелмейді. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пациенттерге дәрігердің кеңесінсіз 15 мг/2 мл ингаляцияға арналған Лазолван® ерітіндісін 4-5 күннен артық қабылдау ұсынылмайды. Лазолван® ингаляцияға арналған ерітіндіні бу ингаляторларын қоспағанда, барлық заманауи ингаляциялық құралдарда (компрессор және дыбыстық ингалятор сияқты) пайдалануға болады. Ерітіндіні 10 минут ішінде 80ºС-ге дейін қыздыру оның тұрақтылығына әсер етпейді. Ерітінді физиологиялық ерітінділермен және бета симпатомиметиктермен араластыруға болады. Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітіндіні натрий кромогликатымен араластыруға болмайды. Бұдан басқа, Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітінді басқа да қандай да бір ерітінділермен араластырылмауы тиіс, олармен реакция ингаляцияға арналған сілтілі тұзды ерітінді (Эмзер тұзы бар ингаляцияға арналған ерітінді) сияқты рН 6.3 артық қоспаның пайда болуына әкеледі. рН жоғарылауы амброксолдың бос фракциясының тұнуына немесе ерітіндінің бұлдырлығына әкелуі мүмкін. Пациенттерде желдеткіште қолданғанда, Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітінді желдеткіштен келетін ауаның оңтайлы ылғалдылығына қол жеткізу үшін физиологиялық ерітіндімен 1:1 қатынасында сұйылтылуы тиіс. Лазолван®, 15 мг / 2 мл ингаляцияға арналған ерітінді изотоникалық және шырышты қабықпен жақсы төзімді. Барлық аэрозольдер өте терең тыныс алғанда жөтелге әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттерге ингаляция кезінде тыныш дем алып, дем шығару ұсынылады. Қолданар алдында бұл ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар Осы препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда, өзіңіздің емдейтін дәрігеріңізге хабарласыңыз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі (≥1/100 < 1/10 дейін): - дисгевзия (дәм қабылдаудың бұзылуы) - жұтқыншақтағы сезімталдықтың төмендеуі (фарингеальді гипестезия) - жүрек айнуы, ауыз қуысындағы сезімталдықтың төмендеуі (ауыздың гипестезиясы) Жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін): - құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы - қызба, шырышты қабықтың реакциялары Сирек (≥1/10, 000 <1/1000 дейін): - аса жоғары сезімталдық реакциялары - бөртпе, есекжем - тамақтың құрғауы Өте сирек - сиалорея - диспноэ және бронх түйілуі (әдетте тыныс алу жолдарының жоғары сезімталдығы бар пациенттерде кездеседі) Жиілігі белгісіз (жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес): - анафилаксиялық шокты, ангионевроздық ісіну мен қышынуды қоса, анафилаксиялық реакциялар - терінің ауыр реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса) - диспноэ (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде) Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.