+840 бонус

ЛАРНАМИН 5 г №30 саше

16800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний печени
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО Фармак
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір сашенің ішінде белсенді зат - 100 % затқа шаққанда L-орнитин-L-аспартат - 3 г, қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, натрий сахарині, натрий цикламаты, күн батар түстес сары FCF (E 110), повидон, мальтит (E 965).
Қолданылуы
гипераммониемиямен қатар жүретін бауырдың жедел және созылмалы аурулары (соның ішінде цирроз, вирустық гепатит, майлы дистрофия, алкогольмен улану аясында бауырдың уытты зақымдануы) бауыр энцефалопатиясы (жасырын және айқын)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бүйректің айқын жеткіліксіздігі (қан сарысуындағы креатиннің мәні 3 мг/100 мл-ден жоғары) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Ларнамин® дәрілік затын ұзақ уақыт қолдану тістерге зиян тигізуі мүмкін (кариес). Препараттың құрамында аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін күн батар түстес сары FCF (E 110) бояғышы бар. Қосымша зат ретінде Ларнамин® препаратының құрамында фруктоза бар. Препарат сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге ұсынылмайды. Ларнамин® түйіршектерінің 1 саше құрамында 1.18 г фруктоза бар, оны қант диабетінен зардап шегетін пациенттерге ескеру керек.
Дозасы
Ларнамин® препаратының 1-2 саше ішіндегісін ерітіп, тәулігіне 3 ретке дейін қабылдау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда препаратты пайдалану туралы деректер шектеулі. Енгізу әдісі және жолы Ішке. Ларнамин® препаратын сұйықтықтың көп мөлшерінде (мысалы, бір стақан су, шай немесе шырында) ерітіп, тамақ ішкен кезде немесе тамақтанудан кейін қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын науқастың клиникалық жағдайына байланысты дәрігер анықтайды. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Осы уақытқа дейін L-орнитин-L-аспартаттың артық дозалануы салдарынан уыттану белгілері байқалмады. Емі: Жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін. Спецификалық антидоты белгісіз. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық емдеу ұсынылады. Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгініңіз. ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар Жиі емес: жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, метеоризм, диарея Өте сирек: аяқ-қолдың ауыруы Белгісіз: аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте қысқа мерзімді және дәрілік затты қабылдауды тоқтатуды талап етпейді. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің « Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.