+142 бонус

ЛАРФИКС 8 мг №10 таблеток

9:00-ден кейін қолжетімді
2840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лорноксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Kusum Healthcare Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 8 мг лорноксикам, қосымша заттар: сусыз лактоза (Lactose DCL 21), микрокристалды целлюлоза PH 102, повидон (PVP K-30), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, қабық құрамы: опадрай ақ 03F58750*, *опадрай ақ 03F58750: тальк, полиэтиленгликоль, гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
ересектердегі ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі қысқа мерзімді жедел ауырсыну синдромын симптоматикалық емдеу ересектердегі остеоартритте ауырсыну синдромын және қабынуды симптоматикалық емдеу ересектердегі ревматоидты артритте ауырсыну синдромын және қабынуды симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тромбоцитопения - ацетилсалицил қышқылын қоса, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық (бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем кезіндегі осындайға ұқсас симптомдар) - жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі - асқазан-ішектік қан кетулер, церебральді-қантамырлық қан кетулер немесе басқа гематологиялық бұзылулар - анамнездегі алдында қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаумен байланысты асқазан-ішектік қан кетулер немесе тесілулер - белсенді пептикалық ойық жара немесе пептикалық ойық жараның қайталануы / анамнездегі қан кетулер (ойықжара немесе қан кетудің туындауының екі немесе одан көп дәлелді көріністері) - бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі - бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (сарысулық креатинин деңгейі > 700 мкмоль/л) - тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
Дозасы
Барлық пациенттер үшін дозалау режимі емделуге жеке жауап негізінде таңдалуы тиіс. Ауырсыну синдромы Орташа немесе айқындығы елеулі ауырсыну синдромы кезінде 8 мг ұсынылады, күніне 2 рет 1 таблеткадан (8 мг) 8 мг дозалы таблеткаларды пайдалану керек. Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 2 таблетканы (16 мг) құрайды. Остеоартрит және ревматоидты артрит Қабыну және дегенеративті ревматизм ауруларында бастапқы ұсынылған доза тәулігіне 12 мг құрайды, 2-3 қабылдауға бөлінеді. Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 2 таблетканы (16 мг) құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар ЛАРФИКС® қауіпсіздік және тиімділік туралы деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан егде пациенттерге бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған науқастарды қоспағанда, дозаны арнайы түзетудің қажеті жоқ, дегенмен ЛАРФИКС® препаратын сақтықпен қолданған жөн, өйткені пациенттердің осы тобында асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер нашар қабылданады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттер үшін ұсынылатын тәуліктік доза 12 мг құрайды және 2 немесе 3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ЛАРФИКС® қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттер үшін ұсынылатын тәуліктік доза 12 мг құрайды және 2 немесе 3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ЛАРФИКС® қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы ЛАРФИКС® таблеткаларын ішке сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен іше отырып қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.