+1212 бонус

ЛАНТУС СолоСтар 100 МЕ/мл 3 мл №5 шпр/ручек

9:00-ден кейін қолжетімді
24250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин гларгин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - инсулин гларгин (НОЕ 901), 3.6378 мг (100 ӘБ), қосымша заттар – метакрезол, мырыш хлориді, глицерин (85%), натрий гидроксиді, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су. Әр картридж немесе қалам ішінде 300 ӘБ баламалы 3 мл инъекцияға арналған ерітінді бар.
Қолданылуы
- ересектерде, жасөспірімдерде және 2 жастан бастап және одан үлкен балаларда қант диабетін емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың қандай да біріне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Лантус® СолоCтар® препаратын дозалау режимін (доза және енгізу уақыты) әркімге жеке таңдау керек. 2 типті қант диабетінен зардап шегіп жүрген пациенттерге диабетке қарсы пероральді дәрілік препараттармен бірге Лантус® СолоCтар® препаратын қолдануға да болады. Осы дәрілік препарат белсенділігі бірліктермен өрнектеледі. Бұл бірліктер тек Лантус® СолоCтар® препаратына тән және инсулиннің басқа аналогтарының әсер ету күшін өрнектеуге пайдаланылатын ХБ мен бірліктерге ұқсас емес. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Лантус® СолоCтар® препаратын жасөспірімдер мен 2 жастан бастап және одан үлкен балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген. Лантус® СолоCтар® препаратын дозалау режимін (доза және енгізу уақыты) әркімге жеке таңдау керек. Лантус® СолоCтар® препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі 2 жасқа толмаған балаларда зерттелмеген. Егде жастағы пациенттер(≥ 65 жас) Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының үдемелі төмендеуі инсулинге қажеттіліктің тұрақты төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде глюконеогенезге қабілеттіліктің және инсулин метаболизмінің төмендеуі салдарынан инсулинге қажеттілік азаюы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде инсулин метаболизмінің төмендеуі салдарынан инсулин қажеттілігі азаюы мүмкін. Басқа инсулиндерден Лантус® СолоCтар® препаратына ауысу Әсер ету ұзақтығы орташа немесе ұзақ әсер ететін инсулинмен жүргізілген емдеу режимін Лантус® СолоCтар® препаратымен емге ауыстырғанда базальді инсулин дозасын өзгерту және диабетке қарсы бір мезгілде жүргізілетін емдеуді (қысқа әсер ететін қосымша инсулиндер немесе жылдам әсер ететін инсулин аналогтарының дозаларын және енгізу уақытын немесе диабетке қарсы пероральді дәрілік заттар дозаларын) түзету қажет болуы мүмкін. Бейтарап протамин Хагедорн инсулинін (БПХ-инсулин) тәулігіне екі рет енгізуден Лантус® СолоCтар® препаратына ауысу Түнгі немесе ерте таңғы гипогликемия қаупін төмендету үшін пациенттерді бейтарап протамин Хагедорн (БПХ-инсулин) базальді инсулинін енгізудің екі реттік режимінен Лантус® СолоCтар® препаратын қолданудың бір реттік режиміне ауыстырғанда емдеу тоқтатылатын базальді инсулиннің тәуліктік дозасын емдеудің алғашқы аптасында 20-30% төмендету керек. 300 ӘБ/мл инсулин гларгиннен Лантус® СолоCтар® препаратына ауысу Лантус® СолоCтар® және Туджео СолоCтар® препараттары (инсулин гларгин 300 ӘБ/мл) биобаламалы емес және өзара тікелей алмастырылмайды. Гипогликемия қаупін азайту үшін пациенттерге тәулігіне бір рет 300 ӘБ/мл базальді инсулин гларгин қолданудан тәулігіне бір рет Лантус® СолоCтар® препаратына ауысқанда дозаны шамамен 20% азайту қажет. Алғашқы апталарда дозаны азайту ас ішу кезінде қолданылған инсулин дозасын арттыру есебінен, ең болмаса, жартылай толығуы тиіс, осы кезең өткеннен кейін режим әркімге жеке түзетілуі тиіс. Лантус® СолоCтар® препаратына ауысқанда және одан кейінгі алғашқы апталарда метаболизм көрсеткіштеріне қатаң мониторинг қажет. Метаболизм бақылауының жақсаруына және соның нәтижесінде тіндердің инсулинге сезімталдығының артуына қарай дозаны әріқарай түзету қажет болуы мүмкін. Дозаны түзету, мысалы, пациенттің дене салмағы немесе оның өмір салты өзгергенде немесе инсулин енгізу уақыты өзгергенде немесе гипогликемияның әлде гипергликемияның дамуына бейімділікті арттыратын қайта туындаған басқа жағдаяттар орын алғанда да қажет болуы мүмкін. Инсулиннің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, адам инсулиніне антиденелердің болуына орай, Лантус® СолоCтар® препаратымен емделгенде инсулинге жауап реакциясы жақсаруы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Лантус® СолоCтар® препаратын тері астына енгізілу керек. Лантус® СолоCтар® препаратын вена ішіне енгізілмеу керек. Лантус® СолоCтар® препаратының ұзаққа созылатын әсері оны тері асты шелмай қабатына енгізу себебінен болады. Тері астына енгізуге арналған әдеттегі дозаны вена ішіне енгізу ауыр гипогликемияның дамуына әкелуі мүмкін. Лантус® Лантус® СолоСтар® препаратын құрсақ қабырғасына, дельта тәрізді бұлшықетке немесе санға енгізгеннен кейінгі қан сарысуындағы инсулин немесе глюкоза деңгейінде айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Липодистрофия мен тері амилоидозы даму қаупін азайту үшін инъекция орнын бір аумақ шегінде ауыстырып отыру керек. Лантус® СолоCтар® препаратын басқа инсулин препараттарымен араластыруға немесе сұйылтуға болмайды. Араластыру немесе сұйылту уақыт/әсер бейінін өзгертуі мүмкін, ал араластыру шөгіндінің түзілуін тудыруы мүмкін. Лантус® СолоСтар® шприц-қаламын пайдаланбас бұрын шприц-қаламды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу қажет. Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Лантус® СолоCтар® препаратын күніне бір рет, тәуліктің кез келген мезгілінде, бірақ күнделікті белгілі бір уақытта қолданылу керек. Емдеу ұзақтығы Лантус® СолоCтар® препаратымен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер әркімге жеке белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.