+289 бонус

ЛАНТИГЕН Б 18 мл капли

5790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие препараты для лечения заболеваний органов дыхания
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Сэлтфар ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді заттар: антигенді экстрактілер Staphylococcus aureus 79.6 ХБ, Streptococcus pyogenes (A тобы) 126.2 ХБ, Streptococcus pneumoniae (3 тип) 63.2 ХБ, Haemophylus influenzae (b типі) 50.22 ХБ, Branhamella catarrhalis 39.9 ХБ, Klebsiella pneumoniae 39.8 ХБ, қосымша заттар: полисорбат 80, натрий метилпарагидроксибензоаты, хлоргексидин диацетаты, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерге - тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциясының профилактикасы үшін; инфекциялық көріністер жиілігін, айқындылығын азайту үшін Балаларға - күтілетін жастағылар үшін аурудың едәуір жиі жағдайлары болатын 3 айдан асқан балаларда тыныс алу жолдарының қайталанатын бактериялық инфекциялар профилактикасы үшін. Препарат инфекциялық көріністердің жиілігі мен айқындылығын азайтуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - аутоиммундық аурулар - ішектің жедел инфекциялары - 3 айға дейінгі балалар
Дозасы
1 мл құрамында 22 тамшы бар. 3 айдан 10 жасқа дейінгі балалар: дозаторды екі рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (15 тамшы) сәйкес келетін бір доза, тіл астына, күніне бір рет (таңертең) немесе дозаторды бір рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (7-8 тамшы) сәйкес келетін дозаның жартысын күніне екі рет (таңертең және кешке). Өте кішкентай балаларға және препаратты жұтпай, ауызында ұстап тұра алмайтын балаларға тамшыны астыңғы ерін мен астыңғы жақтың арасына ұйықтап жатқан кезде енгізеді. Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: дозаторды екі рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (15 тамшы) сәйкес келетін бір доза, тіл астына, күніне екі рет (таңертең және кешке). Пайдаланар алдында құтыны шайқау керек. Қалқып жүрген шөгінділер болуы (тіпті шайқағаннан кейін) мүмкін. Қолдану жөніндегі нұсқаулық Құтыны мұқият шайқаңыз және қақпақтың ортасына орнатылған пластик ұштықты ұстап тұратын пломбаны сындырыңыз, құтыны бұрау кезінде оны тартып және толығымен жұлып алыңыз. Қақпағын ашыңыз, құтыны төменнен жоғары қарай төңкеріңіз, одан кейін сұқ саусақ пен бас бармақтың арасында дозаторды қысыңыз және дозаторды баса отырып, тамшының қажетті мөлшерін алыңыз. Енгізу әдісі және жолы Ішуге арналған, тіл астына. Суспензияның сілекейде жақсылап еруіне мүмкіндік беру үшін әр дозаны жұтпай, ауызда 2 минут бойы ұстай тұру керек, осылайша, препараттың сіңірілуін жеңілдету керек. Емдеу ұзақтығы Қабылдау ұзақтығы көрсетілген дозаға сәйкес балалар үшін бір құтыны (18 мл) немесе ересектер үшін екі құтыны (36 мл) құрайды. Емдеу ұзақтығы 2-3 апта. Қайта қабылдау қажет болған жағдайда Лантиген Б курстар арасындағы үзіліс 2-3 апта болуы керек. Соңында, қайталанған курс көрсетілген дозаға сәйкес ересектер үшін 1 құтыдан немесе балалар үшін жарты құтыда іске асырылуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.