+88 бонус

ЛАНСОБЕЛ 30 мг №14 капс

1770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лансопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – лансопразол микропеллеттері* - 377,40 мг (30 мг лансопразолға баламалы), капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин капсула қақпақшасы: патенттелген көк V (E 131), титанның қостотығы (E 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин * 377.40 мг құрамы микропеллет, миллиграмммен белсенді зат - лансопразол - 30.00 мг қосымша заттар: бейтарап микропеллеттер (өлшемі 26), маннитол, натрий крахмалының гликоляты (эксплотаб), магний карбонаты, поливинилпирролидон К 30, сахароза, полоксамер 407, гидроксипропилметилцеллюлоза (Фармакоат 603), эудрагит L 30 D 55, тальк, цитрофлекс (триэтилцитрат), 30% симетикон эмульсиясы
Қолданылуы
асқазан мен он екі елі ішектің жарасын емдеу - рефлюкс-эзофагитті емдеу және профилактикасы - H. Pylori байланысты ойық жара ауруларын емдеуге арналған тиісті бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілген Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы - ҚҚСП емдеуді жалғастыруды қажет ететін пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдау әсерінен туындаған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруларын емдеуде және профилактикасы симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы - Золлингер-Эллисон синдромы
Қарсы көрсетілімдер
- лансопразолға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Әсері тиімді болуы үшін Лансобел® 30 мг капсулаларын, H. pylori эрадикациясы үшін қолданылатын, емдеуді күніне 2 рет – таңертең бір рет, кешке бір рет қабылдау сызбасы бойынша жүргізілген жағдайдан басқасында, күніне бір рет таңертең қабылдаған жөн. Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Ұсынылатын доза 2 апта ішінде күніне бір рет 30 мг құрайды. Осы кезең ішінде толық емделмеген пациенттер үшін ем келесі 2 апта ішінде осы дозамен жалғастырылуы мүмкін. Асқазанның ойық жарасын емдеу Ұсынылатын доза 4 апта ішінде күніне бір рет 30 мг құрайды. Ойық жара әдетте 4 апта ішінде жазылады, бірақ осы кезеңде толық емделмеген пациенттерге емдеу келесі 4 апта ішінде бірдей дозамен жалғасуы мүмкін. Рефлюкс-эзофагит Ұсынылатын доза 4 апта ішінде күніне бір рет 30 мг құрайды. Осы кезең ішінде толық емделмеген пациенттерге емдеу келесі 4 апта ішінде осындай дозамен жалғастырылуы мүмкін. Рефлюкс-эзофагит профилактикасы Ұсынылатын доза күніне бір рет 30 мг құрайды. Helicobacter pylori эрадикациясы Тиісінше біріктірілген емді таңдағанда бактериялық төзімділікке, қолдану ұзақтығына (көптеген жағдайларда 7 күн, бірақ кейде 14 күнге дейін) бактерияларға қарсы тиісінше қолдануға қатысты жергілікті ресми методологиялық қағидаттарды қарастырған жөн. Ұсынылатын доза келесі препараттардың бірімен үйлескенде 7 күн ішінде күніне екі рет 30 мг лансопразолды құрайды: - кларитромицин 250-500 мг күніне екі рет + амоксициллин 1г күніне екі рет - кларитромицин күніне екі рет 250 мг + метронидазол күніне екі рет 400-500 мг. H. pylori эрадикация деңгейі кларитромицинді лансопразолмен және амоксициллинмен немесе кларитромицинді лансопразолмен және метронидазолмен біріктіріп қолданғанда 90% дейін жетеді. Эрадикацияны сәтті емдегеннен кейін 6 айдан соң реинфекциялардың пайда болу қаупі төмендейді, осыған байланысты қайталану екіталай. Күніне екі рет 30 мг лансопразолды, күніне екі рет 1 г амоксициллинді және күніне екі рет 400-500 мг метронидазолды қамтитын дәрі-дәрмек схемасы кларитромицин қосылған схемамен салыстырғанда эрадикацияның төмен деңгейін көрсетті. Мұндай қолдану эрадикациялық емнің бір бөлігі ретінде кларитромицинді қабылдай алмайтын пациенттер үшін мүмкін, метронидазолмен салыстырғанда жергілікті тұрақтылық деңгейі төмен болған кезде. ҚҚСП емдеуді жалғастыру қажеттілігі бар пациенттерде ҚҚСП қабылдау әсерінен туындаған асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу 30 мг Лансобел® күніне бір рет, 4 апта ішінде. Осы кезеңде толық емделмеген пациенттерге емдеу тағы 4 аптаға ұзартылуы мүмкін. Жоғары қауіп төнген немесе емдеу қиын ойық жаралары бар пациенттерде емдеу курсы өте ұзақ болуы және/немесе өте жоғары дозалар қолданылуы мүмкін. ҚҚСП емдеуді жалғастыруды қажет ететін, жоғары қауіп (> 65 жас немесе асқазанның немесе он екі елі ішектің созылмалы ойық жарасы сияқты) бар пациенттерде ҚҚСП әсерінен туындаған асқазан мен он екі елі ішектің созылмалы ойық жарасының профилактикасы Күніне бір рет 30 мг препарат. Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Ұсынылатын доза күн сайын 30 мг құрайды. Симптомдардың бәсеңдеуі іс жүзінде бірден байқалады. Дозаны жекелей таңдауды қарастыру қажет. Егер симптомдар күн сайынғы 30 мг дозадан 4 апта ішінде төмендемеген жағдайда, ары қарай тексеру жүргізу ұсынылады. Золлингер-Эллисон синдромы Ұсынылатын бастапқы доза күніне бір рет 60 мг құрайды. Дозаны жекелей таңдау керек және емдеуді қанша қажет болса, сонша жалғастырған жөн. 180 мг дейінгі тәуліктік дозалар да қолданылады. 120 мг асатын дозаларды қолдану қажет болған жағдайда, дозаны 2 қабылдауға бөлу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.