+75 бонус

ЛАКТОН - Д 20 капсул

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Протек Биофарма Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді заттар: 180 х 106 кем емес лактобактерия споралары, қосымша заттар: крахмал, лактоза, екі негізді кальций гидрофосфаты, тальк, магний стеараты, поливинилпирролидон (PVP K30), 2-пропанол. капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (E171).
Қолданылуы
- антибиотиктермен, сульфаниламидтермен, сәулелік терапиямен емдеу кезінде және одан кейін ішектің физиологиялық флорасының бұзылуында - саяхатшылардың диареясында - ас қорыту жеткіліксіздігі синдромында, ферментопатияда, диспепсияда - диареяда, метеоризмде, іш қатуларда - кешенді терапия құрамында этиологиясы әртүрлі (бактериялық және вирустық) жедел және созылмалы энтероколиттерде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қатерлі ісіктер галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар 1 айға дейінгі балалар жасы
Дозасы
Ересектер: Бактерияға қарсы емнен немесе колиттен кейін тітіркенген ішек синдромымен (ТІС) немесе ішек инфекциясымен және т.б. ауыратын ересектерде ішек флорасының бұзылуына әкеліп соқтырған келесі доза ұсынылады: тамақтанудан 1 сағат бұрын 2 капсуладан күніне 2 немесе 3 рет. Балалар: 1-ден 18 жасқа дейінгі балалар және 1 жасқа дейінгі балалар, бірақ 1 айдан үлкен балалар әртүрлі вирустық диареяға бейім. Сондықтан олардың этиологиясына байланысты келесі дозаларды ұстануға кеңес беріледі. Жалпы колик және жұмсақ диареямен 1 жасқа дейінгі балаларды емізу кезеңінде ұсынылатын доза күніне бір немесе екі рет капсуланың 1/3-тен 1/2-ге дейін, әдетте, емізер алдында. Капсуланы жұтқан кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, капсуланың ішіндегісін жартылай қатты немесе сұйық тағамның аздаған мөлшерімен араластыруға болады. Осылайша дайындалған сұйықтықты кейіннен пайдалану үшін сақтауға болмайды. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға күніне бір немесе екі рет 1-2 капсула тағайындалады. Егде жастағы пациенттер Әдетте ішек бұзылыстарының деңгейі жоғары егде жастағы адамдар үшін доза ересектер сияқты бірдей. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы жедел ішек инфекцияларынан сауығу кезінде және әртүрлі этиологиядағы ішек дисфункциясы кезінде 4-6 аптаны құрайды. Ойық жаралы колит, созылмалы колит және ТІС кезінде 1,5-2 айға дейін; әртүрлі этиологиядағы дисбактериоздарда 4-6 апта бойы. Ішек флорасын қалыпқа келтіруге бағытталған емдеу жағдайында емді 10-14 күн ішінде, кейіннен 1-1, 5 ай бойы күніне 2 рет 1 капсуладан демеуші дозамен пайдалану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.