+289 бонус

ЛАКОМА-Т капли глазные 2,5 мл

5780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ajanta Pharma Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 0.050 мг - латанопрост, 6.834 мг - тимолол малеаты (5.000 мг тимололға баламалы) қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, сусыз динатрий гидрофосфаты, бензалконий хлориді, натрий хлориді, полиоксил 40 гидрогенделген майсана майы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ашық бұрышты глаукомасы және көз гипертензиясы бар, бета-адреноблокаторларды немесе простагландиндердің аналогтарын жергілікті қолданғанда әсерінің жеткіліксіздігі байқалған пациенттерде көзішілік қысымды (КІҚ) төмендетуде.
Қарсы көрсетілімдер
- Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - тыныс жолдарының реактивті ауруы, анамнездегі бронх демікпесін қоса, бронх демікпесі, өкпенің ауыр ағымды созылмалы обструкциялық ауруы      - синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада, электрокардиостимулятор функциясы болмаған жағдайдағы II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада,  клиникалық тұрғыдан айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерге (оның ішінде егде жастағыларға) - зақымданған көзге (көздерге) тәулігіне бір рет бір тамшыдан. Бір дозасын өткізіп алған жағдайда келесі дозаны кесте бойынша қолдана отырып, емдеуді жалғастыру керек. Зақымданған көзге тәулігіне бір тамшыдан артық тамызуға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препараттың балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Жанаспалы линзаларды пайдаланатын пациенттер Егер пациент жанаспалы линзаларды тағып жүрсе, пациент Лакома-Т препаратын қолданар алдында оларды шешіп қоюы керек. Лакома-Т препаратын қолданғаннан кейін жанаспалы линзаларды қайтадан тағар алдында 15 минут күту керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Осы дәрілік препаратты әрдайым дәрігер немесе фармацевт ұсынғандай қолдану керек. Егер препаратты қолдану бойынша күмән туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Ересектерге (оның ішінде егде жастағы пациенттерге) ұсынылатын доза зақымданған көзге тәулігіне бір рет бір тамшыны құрайды. Ксалакомды® тәулігіне бір реттен артық қолданбау керек, себебі одан жиі қолданған кезде емдеудің тиімділігі төмендеуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы Дәрігер емдеуді тоқтату қажеттілігі туралы айтпағанша, дәрігердің нұсқауларына сәйкес Ксалакомды® қолдану қажет. Егер пациент Лакома-Т препаратын қолданса, дәрігер пациенттің жүрек-қантамыр жүйесіне қосымша тексеруден өтуін қалауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.