+35 бонус

L-ТИРОКСИН БЕРЛИН-ХЕМИ 100 мкг 50 таб

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левотироксин натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 0,10 мг натрий левотироксині қосымша заттар: цистеин гидрохлориді моногидраты (ішінара таблеткаларда цистин түрінде кездеседі), микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, алдын ала желатинделген крахмал, магнийдің жеңіл тотығы, тальк. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түстен сарғыш түске дейінгі, бір жағында сызығы бар, сәл дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.
Қолданылуы
- кез келген этиологиядағы гипотиреоз кезінде тиреоидты гормондардың орнын басуда - эутиреоидты зобты алып тастағаннан кейін зобтың қайталануын алдын алуда - эутиреоидты қатерсіз зобта - эутиреоз жағдайына жеткеннен кейін гипертиреозды тиреостатиктермен емдеу аясында адъювантты емде - қалқанша бездің қатерлі жаңа түзілімі кезінде супрессивті және орын басу емі, негізінен - тиреоидэктомиядан кейін - қалқанша без супрессиясымен тест L-Тироксин 100 Берлин-Хеми пациенттердің барлық жас топтарында қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - емделмеген гипертиреоз - бүйрек үсті безінің емделмеген жеткіліксіздігі - емделмеген гипофизарлық жеткіліксіздік (бұл емдеуді қажет ететін бүйрек үсті безі функциясының жеткіліксіздігіне әкеледі) - жедел миокард инфарктісі - жедел миокардит - жедел панкардит Жүктілік кезінде левотироксинді тиреостатикалық дәрілермен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Тиреоидты гормондармен емді бастамас бұрын келесі аурулар немесе жағдайлар жоққа шығарылуы немесе оларға ем жүргізілуі тиіс: - Жүректің ишемиялық ауруы - Стенокардия - Гипертония - Гипофизарлық жеткіліксіздік және/немесе бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі - Қалқанша бездің автономиясы Сондай-ақ, бұл ауруларды немесе жағдайларды қалқанша безінің супрессиясы тестін өткізуге себеп болуы мүмкін қалқанша безінің автономиясын қоспағанда, қалқанша безі супрессиясымен тест өткізгенге дейін жоққа шығару немесе емдеу керек. Бүйрек үсті безінің дисфункциясы жағдайында бұның емі жедел бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінің алдын алу үшін талапқа сай орнын басатын терапия арқылы левотироксинмен емдеуді бастамас бұрын жүргізілуі керек. Жүректің ишемиялық ауруында, жүрек жеткіліксіздігінде, тахиаритмияда, өршу фазасындағы емес миокардитте, созылмалы гипотиреозда немесе миокард инфарктісін өткерген пациенттерде тіпті жеңіл дәрежедегі фармакологиялық индукцияланған гипертиреозды міндетті түрде болдырмау керек. Тиреоидты гормондармен ем жүргізгенде осы пациенттерге қалқанша безі гормондарының көрсеткіштеріне бақылау жиі жүргізілуі керек. Екіншілік гипотиреозда қатар жүретін адренокортикальді жеткіліксіздіктің бар-жоғын анықтау керек. Осы ауру болған жағдайда алдымен орын басатын емді жүргізу керек (гидрокортизон). Организмді кортикостероидтармен тиісінше қамтамасыз етусіз тиреоидты гормондармен емдеу адренокортикальді немесе гипофизарлық жеткіліксіздігі бар пациенттерде адиссондық кризді тудыруы мүмкін. Бүйрек үсті бездері функциясының жетілмеуіне және болуы ықтимал коллапсқа байланысты туған кезде дене салмағы өте төмен болған шала туған балаларды левотироксинмен емдеу басында ерекше сақ болу керек. Қалқанша бездің автономиясына күдік туындағанда тиреотропин-рилизинг-гормонның бар-жоғын талдау немесе қалқанша бездің супрессивті сцинтиграфияны жүргізу ұсынылады.
Дозасы
Дозалау жөніндегі нұсқаулар ұлттық нұсқаулық талаптарына сәйкес қарастырылады. Жекелей тәуліктік доза зертханалық диагностика және клиникалық тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Егер қалқанша бездің қалдық функциясы сақтала беретін болса, орын басу емі үшін төменірек доза жеткілікті болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, жүректің ишемиялық аурулары бар және ауыр немесе созылмалы гипотиреозы бар пациенттерде тиреоидты гормондармен емді айрықша сақтықпен бастау керек – мысалы, емді төменірек дозадан бастау және тиреоидты гормондар деңгейін жиі тексеріп, айтарлықтай аралықпен баяу жоғарылату ұсынылады. Тәжірибеге сәйкес дене салмағы төмен пациенттерде, сондай-ақ ірі түйінді зобы бар пациенттерде, препараттың төменірек дозасы жеткілікті болады. T4 немесе fT4 деңгейі кейбір пациенттерде жоғары болуы мүмкін болғандықтан, емдеу режимін бақылау үшін қан сарысуында ТТГ концентрациясын анықтаған дұрыс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.