L-ТИРОКСИН 25 БЕРЛИН-ХЕМИ 25 мкг №50 табл

630 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левотироксин натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – натрий левотироксині, 0,025 мг қосымша заттар – цистеин гидрохлориді моногидраты (таблеткаларда ішінара цистин сияқты кездеседі), микрокристалды целлюлоза, желатинденген крахмал, жүгері крахмалы, жеңіл магний тотығы, тальк.
Қолданылуы
- кез келген этиологиядағы гипотиреоз кезінде тиреоидты гормондардың орнын басу - эутиреоидты зобты алып тастағаннан кейін зоб қайталануының профилактикасы - эутиреоидты қатерсіз зоб - эутиреоз жағдайына жеткеннен кейін гипертиреозды тиреостатиктермен емдеу аясында адъювантты ем - қалқанша бездің қатерлі жаңа түзілімі кезінде супрессивті және орын басу емі, негізінен – тиреоидэктомиядан кейін L-Тироксин 25 Берлин-Хеми пациенттердің барлық жас топтарында қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе құрамы бөлімінде тізілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - емделмеген гипертиреоз - бүйрек үсті безінің емделмеген жеткіліксіздігі - емделмеген гипофизарлық жеткіліксіздік (бұл емдеуді қажет ететін бүйрек үсті безі функциясының жеткіліксіздігіне әкеледі) - жедел миокард инфарктісі - жедел миокардит - жедел панкардит Жүктілік кезінде левотироксинді тиреостатикалық дәрілермен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Дозасы
Тиреоидты гормондармен ем/Орын басу Дозалау жөніндегі нұсқаулар ұлттық нұсқаулық талаптарына сәйкес қарастырылады. Жекелей тәуліктік доза зертханалық диагностика және клиникалық тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Егер қалқанша бездің қалдық функциясы сақтала беретін болса, орын басу емі үшін төменірек доза жеткілікті болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде жүректің ишемиялық аурулары бар және ауыр немесе созылмалы гипотиреозы бар пациенттерде тиреоидты гормондармен емді айрықша сақтықпен бастау керек – мысалы, емді төменірек дозадан бастау және тиреоидты гормондар деңгейін жиі тексеріп, айтарлықтай аралықпен баяу жоғарылату ұсынылады. Тәжірибеге сәйкес дене салмағы төмен пациенттерде, сондай-ақ ірі түйінді зобы бар пациенттерде, препараттың төменірек дозасы жеткілікті болады. T4 немесе fT4 деңгейі кейбір пациенттерде жоғары болуы мүмкін болғандықтан, емдеу режимін бақылау үшін қан сарысуында ТТГ концентрациясын анықтаған дұрыс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.