+125 бонус

Л-ОПТИК РОМФАРМ кап. глаз. 0,5% 5 мл

2505 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында: белсенді зат – 0.512 г (0.500 г) левофлоксацин  гемигидраты (левофлоксацинге баламалы),  қосымша заттар:натрий хлориді, бензалконий хлориді, 1 M хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксидінің 1 M ерітіндісі, тазартылған су.
Қолданылуы
- 8 жастағы және одан үлкен пациенттерде левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдермен туындаған көздің беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеуде қолданылады. Бактерияға қарсы дәрілік заттарды тиісті пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алу қажет.
Қарсы көрсетілімдер
левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Пациенттердің барлық санаттары үшін  алғашқы екі күнде әрбір 2 сағат сайын, бірақ тәулігіне 8 реттен асырмай, ерітіндінің 1-2 тамшысын зақымданған көз(дер)ге тамызады, ал содан кейін емдеудің 3-5 күндері тәулігіне 4 реттен асырмайды. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологиялық қолдануға арналған. Офтальмологиялық қолданылатын бірнеше препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда инстилляциялар арасында 15 минуттық аралықты сақтау қажет. Ерітіндінің және тамшылатқыш ұшының ластануын болдырмау үшін қабақтарға және іргелес аймақтарға немесе басқа беткейлерге тигізбеу керек. Көзжас-мұрын өзегін саусақтармен басқан немесе қабақтарды 2 минут жапқан кезде жүйелі сіңуі төмендейді. Бұл офтальмологиялық дәрілік заттардың жүйелі сіңуін төмендетуі мүмкін, бұл жүйелі жағымсыз әсерлерді азайтады және жергілікті әсерлерді күшейтеді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, инфекцияның клиникалық және бактериологиялық дамуына байланысты. Емдеу ұзақтығы, әдетте, 5 тәулікті құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.