+588 бонус

L-ЛИЗИНА ЭСЦИНАТ 5 мл №10 амп

11775 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие капилляростабилизирующие средства
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Галичфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат - 100% затқа шаққанда 2,6-диаминогексан  қышқылының эсцин тұзы - 1,0 мг; қосымша заттар: 96% этанол, пропиленгликоль, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кез келген орналасудағы жарақаттан кейінгі, интра- және операциядан кейінгі ісінулерді кешенді емдеу құрамында: - ми мен жұлынның, оның ішінде бассүйекішілік қан құйылулары, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және  ісіп-домбығу құбылысы бар ауыр ісінулерде; - ми қан айналымының созылмалы бұзылуы және вегето-қантамырлық дистониясы кезінде ликворлы-веноздық бұзылуында; - тірек-қимыл аппаратына таралатын, жергілікті қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары мен ауыру синдромы қатар жүретін жұмсақ тіндердің ісінуінде; - омыртқа бағанының, дененің, аяқ-қолдардың тарапынан ісініп-ауыру синдромында; - жедел тромбофлебит кезінде, ісіну-қабыну синдромымен қатар жүретін аяқтың веналық қан айналымының ауыр бұзылуларында.
Қарсы көрсетілімдер
- 2,6-диаминогексан  қышқылының эсцин тұзына және/немесе препараттың «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - гемодинамика тұрақсыздығымен қатар жүретін қан кетудің белсенді ұзаруы - бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - жүктілік, лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Препаратты қатаң түрде вена ішіне тәуліктік 5-10 мл дозада  баяу енгізеді (артерия ішіне енгізуге болмайды!). Вена ішіне тамшылатып енгізу ұсынылады. L-лизина эсцинатының инфузиялық ерітіндісін дайындаған кезде 0,9% натрий хлориді ерітіндісінің 15-50 мл сұйылтады. Науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда (жедел бас сүйек-ми жарақаты, интра- және операциядан кейінгі ми мен жұлынның ісіп-домбығу құбылысы болатын ісінуі, жұмсақ тіндер мен тірек-қимыл аппаратының ауқымды жарақаттарының салдарынан үлкен көлемді ісінулер) тәуліктік дозаны 2 рет енгізуге бөліп 20 мл дейін арттырады. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы - 25 мл. Препарат тәулігіне 2 рет енгізіледі. Емдеу курсының ұзақтығы – науқастың жағдайы мен емнің тиімділігіне байланысты, 2-ден 8 күнге дейін. МҚСБ және вегето-қантамырлық дистония кезінде ликворлы-веноздық бұзылулар жағдайында - тәулігіне 10 мл, емдеу курсы 10 күнді құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне енгізу үшін. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы – науқастың жағдайы мен емнің тиімділігіне байланысты, 2-ден 10 күнге дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.