+205 бонус

Л' ЭСФАЛЬ 50 мг/мл №5 амп

4105 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фосфолипиды
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО "Фармак"
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - соя бұршақтан фосфатидилхолин 50 мг, қосымша заттар: бензил спирті, дезоксихол қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді, рибофлавин (Е 101), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Лесфаль®, инъекцияға арналған ерітінді, ересектер мен 3 жастан асқан балаларда қолданылады Кешенді ем құрамында бауырдың майлы дистрофиясы (стеатоз) жедел және созылмалы гепатит бауырдың алкогольдік ауруы бауырдың дәрілік зақымдануы уытты гепатит бауыр циррозы бауыр энцефалопатиясы холестаз және өт тастары пайда болуы қайталануының профилактикасы жүкті әйелдердің гестозы кезінде бауырдың функционалдық сынамаларының айқын өзгерістері
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 3 жасқа дейінгі балалар жаңа туған немесе шала туған нәрестелер, құрамында бензил спиртінің болуы салдарынан лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан бастап балаларға вена ішіне баяу 5-10 мл, ауыр жағдайларда тәулігіне 10-20 мл енгізеді. Ең жоғары бір реттік доза 10 мл, ең жоғары тәуліктік доза 20 мл. Енгізу жиілігі тәулігіне 1-2 рет. Балалар 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 мл-ден, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2-5 мл-ден. Емдеуді аурудың ауыр ағымында Лесфаль® препаратын вена ішіне енгізуден бастау, содан кейін фосфатидилхолиннің пероральді түріне өту ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Қалауы бойынша, ерітіндіні науқастың қанымен 1:1 қатынасында сұйылтуға болады. Лесфаль® препаратын бір шприцте басқа препараттармен араластырмау қажет! Ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізуге болмайды, өйткені енгізу орнында тіндердің тітіркенуі мүмкін. Лесфаль® препаратының ерітіндісін тері астына енгізуге болмайды. Инфузия кезінде Лесфаль® препаратын 5% глюкоза ерітіндісінде ерітеді. Электролит ерітінділерінде сұйылтуға болмайды (натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі, Рингер ерітіндісі және б.). Лесфаль® препаратының барлық ерітінділерінде қоспаның рН 7,5-тен төмен болмауы керек, инъекция енгізу кезінде дайын ерітіндінің мөлдірлігі сақталуы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын клиникалық және зертханалық көрсеткіштерін ескере отырып дәрігер анықтайды және 5 күннен 10 күнге дейін болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.