+81 бонус

КЫЗЫЛМАЙ №10 супп

1620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие лекарственные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Фитолеум ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында белсенді заттар – «қызыл май» полифитті майы 0.60 г қосымша заттар какао майы, сары балауыз, бентонит
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында – гинекологиялық аурулар – жатыр мойнының эрозиясы, кольпиттер, вагиниттер, эндоцервициттер – урологиялық аурулар – циститтер, простатиттер – проктологиялық аурулар – геморрой, анус сызаттары, колиттер, энтероколиттер, проктиттер
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Енгізу жолы және тәсілі Қызылмай® суппозиторийлері ректальді (артқы өтіске) және қынаптық (қынапқа) қолдануға арналған. Емдеу кезінде келесі маңызды шарттарды ұстану керек: - суппозиторийлерді тікелей енгізу алдында ашу және шығару керек; - суппозиторийлер тез енгізілуі тиіс, әйтпесе қолдың жылуы әсерінен олар ери бастайды; - суппозиторийлерді артқы өтіске енгізер алдында нәжіс шығаруды жүзеге асыру қажет (егер науқас ішекті өздігінен босата алмаса, клизма қою керек); - суппозиторийлерді енгізер алдында міндетті түрде қынап пен артқы өтіс аймағына гигиеналық процедуралар жүргізу керек. Енгізу рәсіміне кіріспес бұрын дефекацияны жүзеге асырыңыз, артқы өтіс және қынап аймағының гигиенасын жүргізіңіз және қолды мұқият жуыңыз. Бір суппозиторий бар пішінді ұяшықты жыртыңыз немесе кесіңіз. Пішінді ұяшықты ашу үшін, суппозиторийдің үшкір шеті жағынан, пішінді ұяшықтың ұшын ажыратып, (3) суретте көрсетілгендей, екі жаққа тартыңыз. 4. Суппозиторийді пішінді ұяшықтан толық босатыңыз. 5. Ректальді (артқы өтіс), сондай-ақ қынаптық (қынап) енгізу кезінде суппозиторийді (үшкір ұшымен) тереңірек енгізу қажет. Бүйірге жатып, немесе тұрып, бір аяқты орындыққа қойып және сәл отырыңғырап енгізуге болады. Іш киімді былғап алмау үшін төсем пайдаланыңыз. Енгізгеннен кейін жату керек, суппозиторий ериді және сіңеді. Тұрғаннан кейін аққан артық майды сүрткімен немесе жылы сумен сүртіп тастаңыз. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі аурудың дәрежесіне байланысты күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы 7-10 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.