+422 бонус

КВОРЕКС 75 мг №20 таб

8440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клопидогрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 99.18 мг клопидогрел бисульфаты (гидросульфаты), ((75.00 мг) клопидогрелге шаққанда), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, коповидон (Коллидон VA 64), кросповидон ХL-10, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), магний стеараты, қабық құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, вазелин майы.
Қолданылуы
Атеротромбоздық оқиғалардың екіншілік профилактикасы миокард инфарктісінен (бірнеше күннен 35 күннен азға дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен 6 айдан азға дейін) зардап шегетін ересек пациенттер, немесе шеткері артериялардың ауруы диагнозы қойылған пациенттерде жедел коронарлық синдромынан зардап шегетін ересек пациенттер: ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесіз миокард инфарктісі), оның ішінде ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде тері арқылы коронарлық араласым барысында стент қойылатын пациенттерге; тері арқылы коронарлық араласуды бастан өткерген пациенттерде (стент қойылған пациенттерді қоса), немесе тромболизистік /фибринолизистік ем қолдану көрсетілген, дәрі-дәрмектік ем алып жүрген пациенттерде ST сегментінің жоғарылауымен жедел миокард инфаркті АСҚ-мен біріктірілімде; Орташадан жоғары қауіпке дейін транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) немесе шағын ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге клопидогрел ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде қолданылады орташадан жоғары қауіпке дейін (ABCD2 шкаласы ≥4) ТИШ немесе кіші ИИ (NIHSS ≤3) бар пациенттерге ТИШ немесе ИИ кейінгі 24 сағаттың ішінде Жыпылықтайтын аритмия кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалар профилактикасы қантамыр оқиғалары қаупінің ең болмаса бір факторы болатын жыпылықтайтын аритмиясы бар ересек пациенттер, К дәруменінің (КДА) антагонистерін көтере алмайтын және қан кету қаупі төмен пациенттерде, мидың инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасы үшін клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр бұзылуы пептидтік ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел патологиялық қан кету галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы. балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер мен егде жастағы пациенттер Клопидогрелді 75 мг тәуліктік дозада бір рет қабылдау керек. Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромынан зардап шегетін пациенттерде: ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфаркті): клопидогрелмен емдеу бір реттік 300 мг немесе 600 мг жүктеме дозадан басталу керек. 600 мг жүктеме доза, егер тері арқылы коронарлық араласу жоспарланса, <75 жастағы пациенттерде қарастырылуы мүмкін. Клопидогрелмен емдеуді тәулігіне бір рет 75 мг дозамен жалғастыру керек (тәулігіне 75-325 мг дозада ацетилсалицил қышқылымен). АСҚ жоғарырақ дозалары қан кету қаупінің артуына ұласатындықтан, 100 мг АСҚ дозасынан асырмау ұсынылады. Клиникалық зерттеулер деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз бола алады, ең жоғары оң әсері 3 ай емдегеннен кейін байқалады. ST сегментінің жоғарылауымен жедел миокард инфаркті: тромболизистік / фибринолизистік терапия көрсетілген дәрі-дәрмектік емдегі пациенттер үшін клопидогрелді АСҚ біріктірілімінде және басқа тромболитикалық дәрілермен немесе оларсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап, 75 мг бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелмен емдеуді жүктемелік дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдары білінген соң мүмкіндігінше ертерек бастап және кемінде 4 апта бойы жалғастырған жөн. Аталған жағдайда клопидогрелді АСҚ-мен 4 аптадан астам біріктіріп емдеудің оң әсері зерттелмеген. тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) тағайындағанда: бастапқы ТКА бастан өткерген пациенттерде және фибринолизистік ем алғаннан кейін 24 сағаттан астам уақыттан соң ТКА бастан өткерген пациенттерде клопидогрелді 600 мг жүктеме дозадан бастау керек. ≥ 75 жастағы пациенттерге 600 мг дозаны сақтықпен тағайындау керек. Клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасы фибринолизистік емнен кейін 24 сағаттың ішінде ТКА бастан өткерген пациенттерге тағайындалуы тиіс. Клопидогрелмен емдеуді күніне бір рет 75 мг дозада күніне 75–100 мг дозадағы АСҚ-мен жалғастыру керек. Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау және 12 айға дейін жалғастыру керек. Орташа және жоғары қауіптегі ТИШ немесе елеусіз ИИ бар ересек пациенттер: орташа және жоғары қауіптегі (ABCD2 бағалауы ≥4) ТИШ немесе жеңіл ИИ (NIHSS ≤3) бар ересек пациенттерге клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын, ал содан соң күніне бір рет 75 мг клопидогрелді және АСҚ (күніне бір рет 75–100 мг) тағайындау керек. Клопидогрелмен және АСҚ-мен емдеуді оқиғадан кейін 24 сағаттың ішінде бастау және кейінгі бір реттік антиагреганттық еммен 21 күн бойы жалғастыру керек. Жыпылықтайтын аритмиясы бар пациенттерге клопидогрелді 75 мг-ге тең бір реттік тәуліктік дозада тағайындау керек. АСҚ қабылдауды бастау (тәулігіне 75-100 мг) және оны клопидогрелмен біріктіріп қолдануды жалғастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфаркті): 600 мг жүктеме доза, егер тері арқылы коронарлық араласу жоспарланса, <75 жастағы пациенттерде қарастырылуы мүмкін. ST сегментінің жоғарылауымен жедел миокард инфаркті: тромболизистік /фибринолизистік ем қолдану көрсетілген, дәрі-дәрмектік ем алып жүрген пациенттер үшін: 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелді жүктеме дозасыз бастау керек. Бастапқы ТКА бастан өткерген пациенттер және фибринолизистік ем алғаннан кейін 24 сағаттан астам уақыттан соң ТКА бастан өткерген пациенттер үшін: ≥ 75 жастағы пациенттерге 600 мг дозаны сақтықпен тағайындау керек. Балалар Клопидогрелді оның тиімділігіне күдік болуына байланысты балаларға тағайындауға болмайды Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Геморрагиялық диатезі болуы мүмкін орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр аурулары бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Енгізу әдісі және жолы Тамақ ішуге байланыссыз ішке қабылдауға арналған. Емдеу ұзақтығы Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде белгіленбеген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.