+50 бонус

КВАРЦЕФ 1 г №1 фл

9:00-ден кейін қолжетімді
1000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: NEO UNIVERSE PHARMACEUTICALS PRIVATE LIMITED
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - цефтриаксон 1000 мг (натрий цефтриаксоны түрінде).
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары созды қоса, жыныс ағзаларының инфекциялары сепсис сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақат инфекциялары иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылары) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың периоперациялық профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана. Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе кез-келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық анамнезде бактерияға қарсы басқа бета-лактамды препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) еріткішке – лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді пайдаланып цефтриаксонның бұлшықет ішіне инъекциясын жүргізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды жүрек өткізгіштігінің бұзылулары жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі 41 аптаны қоса алғанға дейінгі (гестациялық және постнаталдық жастың қосындысы) мерзімі жетпей жаңа туылған нәрестелер гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелер, цефтриаксонның ықпалымен билирубиннің сарысулық альбуминмен байланысудан ығыстырылуы себебінен билирубиндік энцефалопатияның даму қаупіне орай жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар ерітінділер: Белацеф препаратын, құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет немесе қажет болуы мүмкін жаңа туған нәрестелерге (жасы 28 күнге дейінгі) құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, мысалы, парентералдық тамақтандыру кезінде, өкпеде және бүйректе өлімге әкеліп соғатын цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, қолдануға болмайды. Белацеф және құрамында кальций бар ерітінділерді алған жаңа туған нәрестелерде өліммен аяқталған бірнеше оқиғалар тіркелді, бұл ретте өкпеде және бүйректе аутопсия кезінде преципитаттар анықталды. Осы жағдайлардың кейбіреуінде Белацеф препаратын және құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бір ғана инфузиялық желі пайдаланылды, басқа жағдайларда инфузиялық желіде тұнба анықталды. Белацеф және құрамында кальций бар ерітінділер әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізілген кезде кем дегенде бір неонаталдық өлім оқиғасы туралы хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар анықталмады. Жаңа туған нәрестелерден басқа пациенттердің жас санаттарына қатысты осындай хабарламалар келіп түскен жоқ.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Тәулігіне бір рет 1-2 г (әр 24 сағат сайын). Ауыр инфекциялар немесе сезімталдығы орташа микроорганизмдерден туындаған инфекциялар кезінде, тәуліктік бір реттік дозасын 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалары ұсынылады: Жаңа туған (14 күндікке дейінгі) нәрестелер Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-50 мг/кг; тәуліктік дозасы 50 мг/кг аспауы тиіс. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен балалар (15 күннен бастап 12 жасқа дейін) Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-80 мг/кг. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға әдеттегі ересектер дозасын пайдалануға болады. Нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балаларда дене салмағына 50 мг/кг және одан жоғары венаішілік дозалары кемінде 30 минут бойы баяу инфузия түрінде енгізілуі тиіс. Жаңа туған нәрестелерге билирубиндік энцефалопатияның ықтимал қаупін азайту үшін венаішілік дозалары 60 минут ішінде енгізілуі тиіс. Бактериялық менингит Бактериялық менингит кезінде сәбилер мен балаларда препаратпен емдеуді тәулігіне бір рет 100 мг/кг дозасынан бастайды (4 г-ден аспайды). Диссеминацияланған Лайм ауруы Балалар мен ересектер үшін ұсынылатын дозасы 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг/кг құрайды (2 г-ден аспайды). Соз Созды (пенициллиназа түзетін және түзбейтін штаммдардан туындаған) емдеу үшін 250 мг дозадағы препаратты бұлшықет ішіне бір рет енгізу ұсынылады. Периоперациялық профилактика Контаминацияланатын немесе контаминациялануы ықтимал араласулар кезінде операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы мақсатында, инфекцияның қауіптілік дәрежесіне байланысты, 1-2 г дозадағы Белацеф препаратын операция басталғанға дейін 30-90 минут бұрын бір рет енгізу ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйректің претерминалды жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) <10 мл/мин) жағдайларында Белацеф препаратының тәуліктік дозасы 2 г-ден аспауы тиіс. Диализ жүргізілетін пациенттерде препараттың тәуліктік дозасы 2 г-ден аспауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы болмаған жағдайда, Белацеф препаратының дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Бұлшықетішілік инъекция 1 г Белацеф препаратын инъекцияға арналған 3,5 мл 1% лидокаинде еріту қажет. Ерітіндіні ірі бұлшықеттерге терең бұлшықетішілік инъекция арқылы енгізу керек. Бір бұлшықетке 1 г-ден аспайтын препаратты енгізуге болады. Вена ішіне инъекция Вена ішіне енгізу үшін 1 г. Белацеф препаратын 10 мл инъекцияға арналған суда ерітеді және 2 - 4 минут бойы вена ішіне енгізеді. Вена ішіне инфузия Инфузия кем дегенде 30 минутқа созылуы тиіс. Вена ішіне инфузия үшін 2 г Белацеф құрамында кальций жоқ келесі 40 мл инфузиялық ерітінділердің біреуінде ерітеді: натрий хлориді 0,9 %, натрий хлориді 0,45 % + глюкоза 2,5 %, глюкоза 5 %, глюкоза 10 %, 5 % глюкозадағы декстран 6 %, инъекцияға арналған су. Үйлесімсіз болуы мүмкін болғандықтан Белацеф бар ерітінділерді құрамында басқа антибиотиктер бар ерітінділермен араластыруға, немесе олармен біріктіруге болмайды. Сондай-ақ оларды жоғарыда көрсетілгендерден басқа инфузиялық ерітінділерге қосуға болмайды. Алайда, 2 г цефтриаксон және 1 г орнидазол натрий хлоридінің немесе глюкозаның 250 мл физиологиялық ерітіндісінде физикалық және химиялық тұрғыда үйлесімді. Дене салмағына байланысты дозалануы Натрий цефтриаксонның 1 г ұнтағын инъекцияға арналған суда және 1% лидокаин гидрохлориді ерітіндісінде ығыстыру көлемі шамамен 0,71 мл құрайды. Егер жалпы ерітіндінің бір бөлігі ғана өлшенетін және енгізілетін болса, бұл дене салмағына байланысты (әсіресе 12 жасқа дейінгі балаларда) дозалауды қамтамасыз ету үшін еріткіштің көлемін түзетуді қажет етеді. Көрсетілген концентрациямен соңғы ерітіндіні дайындау үшін төмендегі 1-кестені қараңыз. 1-кесте: Қалпына келтіру үшін қажет болатын концентрацияларды дайындау үшін қажетті көлемдердің жиынтық кестесі Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді Белацеф өнімі (номиналды мөлшері) 1 % лидокаин ерітіндісі көлемін қосу: Алынған инъекцияға арналған ерітінді Шамамен алғанда көлемі концентрациясы 1 г 2,9 мл 3,6 мл 285 мг/мл Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді Белацеф өнімі (номиналды мөлшері) Инъекцияға арналған су көлемі: Алынған инъекцияға арналған ерітінді Шамамен алғанда көлемі концентрациясы 1 г 9.4 мл 10.1 мл 100 мг/мл Вена ішіне инфузияға арналған ерітінділер Белацеф өнімі (номиналды мөлшері) Кальцийсіз инфузиялық ерітінді көлемін қосу: Алынған инфузияға арналған ерітінді Шамамен алғанда көлемі концентрациясы 2 г 39 мл 40,4 мл 50 мг/мл

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.