+317 бонус

КВАМАТЕЛ 20 мг №5 амп

6350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фамотидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Лиофилизаты бар бір құтының ішінде белсенді зат – 20 мг фамотидин, қосымша заттар: аспарагин қышқылы, маннитол. Еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
он екі елі ішектің ойық жарасында; асқазанның малигнизациясыз ойық жарасында; гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруда; гиперсекрециямен қатар жүретін басқа да жай-күйлерде (мысалы, Золингер –Эллисон синдромы); жалпы анестезия жүргізген кезде асқазанның қышқылды ішіндегісімен аспирациялануының алдын алуда (Мендельсон синдромы).
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жүктілік және емшек емізу кезеңі (қолдану тәжірибесі болмауына байланысты); 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Дозалану режимі Инъекцияға арналған Квамател препаратты ішке қабылдауға мүмкіндігі жоқ пациенттерде стационар жағдайларында қолдануға ұсынылған. Препарат пероральді емін жүргізу мүмкін болғанға дейін қолданылуы мүмкін. Ұсынылатын доза күніне екі рет (әрбір 12 сағат сайын) вена ішіне (в/і) 20 мг құрайды. Золлингер –Эллисон синдромында Бастапқы доза әрбір 6 сағат сайын в/і 20 мг құрайды. Осыдан кейінгі доза секреция көлеміне және пациенттің клиникалық жағдайына байланысты болады. Жалпы анестезияда асқазанның қышқылды ішіндегісімен аспирациялануының алдын алу үшін Операция күнінде таңертең в/і 20 мг, кем дегенде операция басталуына дейін 2 сағат бұрын. Вена ішіне енгізуге арналған бір реттік доза 20 мг-ден асырылмайды. Енгізу әдісі және жолы Инъекцияға арналған Квамател тек қана вена ішіне енгізуге арналған. Вена ішіне инъекция жасау үшін құтының ішіндегісін 5–10 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде (еріткіш ампуласы) ерітіп, содан соң баяу (кем дегенде 2 минут бойы) енгізу керек. Сұйылтылған ерітінді 25 °C-ден аспайтын температурада 24 сағат бойы тұрақты. Препарат инфузиясы кезінде бір минут ішіндегі тамшылар санын тиісті түрде түзете отырып, ерітіндіні 15–30 минут бойы енгізу керек. Ерітіндіні тікелей енгізер алдында дайындау керек. Мөлдір түссіз ерітінділерді ғана пайдалануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.