+49 бонус

КВАМАТЕЛ 20 мг №28 таб

990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фамотидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат – 20 мг және 40 мг фамотидин, қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, повидон К 90, натрий крахмалы гликоляты (А типі), тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты; үлбірлі қабықтың құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е172), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000, сепифильм 003; Сепифильм 003 құрамы: макрогол-40 (І типі) (Е431), микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза.
Қолданылуы
он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында; асқазан мен он екі елі ішектің симптоматикалық ойық жараларын емдеуде (ҚҚСП-гастропатия, стрестік, операциядан кейінгі ойық жаралар); ойық жаралардың қайталануының профилактикасында; гастроэзофагеальді рефлюксте; асқазан сөлінің аса жоғары секрециясымен қатар жүретін басқа да ауруларда (мысалы, Золингер –Эллисон синдромы); жалпы анестезия жүргізген кезде асқазанның ішіндегісінің аспирациялануының профилактикасында (Мендельсон синдромы).
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; Н2-гистаминдік рецепторлардың басқа антагонистеріне аса жоғары сезімталдық; жүктілік және бала емізу кезеңі (қолдану тәжірибесі болмауына байланысты); 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Дозалану режимі Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы Он екі елі ішектің жедел ойық жарасын емдеу үшін ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 40 мг ұйықтар алдында немесе тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4–8 аптаны құрайды. Егер эндоскопиялық зерттеуде ойық жараның ерте жазылуы көрінсе, емдеу ұзақтығы қысқа болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жазылуы шамамен 4 апта ішінде байқалады. 4 аптадан кейін ойық жарасы жазылмаған пациенттерде препаратты келесі 4 апта бойы қолдану ұсынылады. Асқазан мен он екі елі ішектің симптоматикалық ойық жараларын емдеу (ҚҚСП-гастропатия, стрестік, операциядан кейінгі ойық жаралар) Ұсынылатын доза ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет 40 мг. Емдеу ұзақтығы егер эндоскопия ойық жараның ертерек жазылуын көрсетпесе, 4–8 апта. Ойық жараның қайталануының профилактикасы Ойық жараның қайталану профилактикасы мақсатында түнге қарай тәулігіне 1 рет 20 мг қолданады. Гастроэзофагеальді рефлюкс 6–12 апта бойы тәулігіне екі рет 20 мг (бір таблетканы таңертең және бір таблетканы кешке). Гастроэзофагальді рефлюкс ауруы өңештің қабынуымен қатар жүрген жағдайда Квамател препаратының ұсынылатын дозасы 12 апта бойы 20–40 мг құрайды. Золингер – Эллисон синдромы Бастапқы доза әдетте бұрын секрецияға қарсы ем қолданбаған пациенттерде әр 6 сағат сайын 20 мг құрайды. Бұдан кейін доза пациенттің жай-күйіне байланысты түзетілуге тиіс. Бұрын H2-гистаминдік рецепторлардың басқа блокаторын қабылдаған пациенттер әр 6 сағат сайын 20 мг-ге тең бастапқы дозамен салыстырғанда жоғарырақ дозаларды пайдаланумен Квамател препаратын қабылдауға көшуіне болады. Ол үшін клиникалық көрсетілімдер бар болса, препаратты қолдану жалғаса беруге тиіс. Жалпы анестезия жүргізген кезде асқазанның ішіндегісінің аспирациялануының профилактикасы Операция қарсаңында кешке немесе операция жасалатын күні таңертең 40 мг. Енгізу әдісі және жолы Квамател таблеткасын ас ішуге байланыссыз, шайнамай, бір стақан сумен іше отырып, тұтастай жұтады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.