+160 бонус

КУРАНТИЛ 25 мг №120 таб

3200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дипиридамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин - Хеми АГ
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында: белсенді зат - дипиридамол, 25 мг қосымша заттар: ядро: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), желатин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабығы: гипромеллоза, тальк, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), симетикон эмульсиясы
Қолданылуы
жүрек клапандарын протездеу операциясынан кейінгі тромбоэмболия профилактикасы (пероральді антикоагулянттарға қосымша ретінде). Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - таяуда өткерген миокард инфарктісі - тұрақсыз стенокардия - кең таралған коронарлық артерияларды стеноздаушы атеросклероз - субаортальді стеноз - жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі - артериялық гипотензия, коллапс - жүрек ырғағының ауыр бұзылулары - геморрагиялық диатездер - қан кетуге бейімділігі бар аурулар (асқазанның және 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы және т.б.) - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - бала емізу кезеңі - тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза жақпаушылығы, галактоземия немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
Дозасы
Ересектер Препарат дозасын клиникалық жағдайға қарай дәрігер белгілейді. Оңтайлы доза тәулігіне 3 немесе 4 қабылдауға бөлінген 300-600 мг құрайды. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Емді дозаны біртіндеп арттыра отырып, бастау керек; үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды жеткілікті сұйықтық мөлшерімен іше отырып, оларды тістемей және сындырмай, аш қарынға қабылдайды. Емдеу ұзақтығын және дозасын жеке қажеттілігіне және жағымдылығына қарай белгілеу керек. Курантил® N 25 ұзақ уақыт ем жүргізуге сай болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.