+219 бонус

КУЛЕНТО 10мг №28 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
4385 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10.40 мг натрий монтелукасты (10 мг монтелукастқа баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза 102 типi, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабықтың құрамы: Опадри® II 85F270028 сарғыш (поливинил спирті ішінара гидролизденген, титанның қостотығы (Е 171), макрогол (ПЭГ), тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (II, III) қара тотығы (Е 172)), тазартылған су***. ***Дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
Препарат ингаляциялық глюкокортикостероидтарды (ГКС) қабылдау арқылы жеткілікті түрде бақыланбайтын, сонымен қатар қысқа әсер ететін β-агонистерді «қажет болған жағдайда» қолдану бронх демікпесі (БД) жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі персистерлейтін БД бар пациенттерде бронх демікпесін емдеуге арналған (қосымша ем ретінде); БД бар жоғарыда аталған пациенттерде препаратты маусымдық аллергиялық риниттің симптоматикалық емі ретінде де қолдануға болады. Препарат сонымен қатар физикалық белсенділіктен туындаған бронх түйілуі басым компонент болып табылатын пациенттерде БД профилактикасы үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
БД немесе БД және маусымдық аллергиялық ринитпен ауыратын ересектер мен 15 жастағы және одан асқан жасөспірімдерге ұсынылатын доза тәулігіне бір рет кешке бір таблетканы (10 мг монтелукаст) тұрады. Жалпы ұсынымдар БД симптомдарын бақылауға қатысты монтелукасттың емдік әсері дәрілік затты қабылдаған алғашқы тәулік ішінде байқалады. Пациенттерге БД симптомдары бақылауда болған жағдайда да, БД симптомдары асқынған жағдайда да Куленто препаратын қабылдауды жалғастыру қажет. Куленто препаратын құрамында монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі немесе жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде препараттың дозасын түзету талап етілмейді; бауырдың ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде препараттың дозалау режиміне қатысты деректер жоқ. Ер, сондай-ақ әйел жынысты пациенттерге Куленто препаратын бір дозада қабылдау керек. БД емдеудің басқа әдістеріне байланысты Куленто препаратымен емдеу БД-ға қатысты емделіп жатқан пациенттерде Куленто препараты ем схемасына қосымша енгізілуі мүмкін. Ингаляциялық ГКС Куленто препаратын «қажет болған жағдайда» қысқа әсер ететін ингаляциялық ГКС және β-агонистерді қолдану БД-ны жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін пациенттерде қосымша ем ретінде қолдануға болады. Ингаляциялық ГКС емін монтелукастпен емдеуге күрт ауыстыруға болмайды. Балалар 15 жасқа дейінгі балаларда Куленто препаратын (үлбірлі қабықпен қапталған, 10 мг монтелукаст таблеткалары) пайдалану ұсынылмайды, осы жас тобы үшін Куленто препаратының тиісті дозаларын пайдалану керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткалар тамақ ішуге қарамастан ішке қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.