+111 бонус

КСИЛАЗОЛ 1 мг/50 мг 10 мл спрей

2220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ксилометазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 0.5 мг немесе 1.0 мг ксилометазолин гидрохлориді, 50 мг декспантенол қосымша заттар: динатрий гидрофосфаты гептагидраты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- суық тию аурулары кезінде мұрын бітелуін жою үшін және тұмау кезінде туындайтын шырышты қабықтың зақымдануын емдеу кезінде демеуші ем ретінде (вазамоторлы ринит) - мұрын қуысына хирургиялық араласымнан кейін мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру үшін - мұрынның қосалқы қуысының қабынудың белгілері бар өткір респираторлық ауруларда мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін азайту үшін (риносинусит).
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы (құрғақ ринит) - көзішілік қысымның жоғарылауы, әсіресе жабық бұрышты глаукома кезінде (тек Ксилазол, мұрын спрейі, 1 мг/50 мг) - трансфеноидальді гипофизэктомиядан немесе анамнезінде ми қабығын ашумен басқа хирургиялық араласымдардан кейінгі жай-күй - 2 жасқа дейінгі балалар (Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 0.5 мг/50 мг) - 6 жасқа дейінгі балалар (Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 1 мг/50 мг) Құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді болуына байланысты препаратты осы затқа белгілі жоғары сезімталдығы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Дозасы
Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 0.5 мг/50 мг Препаратты 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда күніне 3 реттен асырмай, әр мұрын жолына бір бүркуден қолданады. Доза жеке сезімталдыққа және клиникалық әсерге байланысты. Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 1 мг/50 мг Препаратты ересектерде және 6 жастан асқан балаларда күніне 3 реттен асырмай, әр мұрын жолына бір бүркуден қолданады. Доза жеке сезімталдыққа және клиникалық әсерге байланысты. Енгізу әдісі мен жолы Интраназальді қолдануға арналған. Бүрку кезінде құтыны тігінен ұстау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Әр мұрын жолына бір бүркуден күніне 3 реттен артық емес. Емдеу ұзақтығы Дәрігер ұсынған жағдайларды қоспағанда, препаратты 7 күннен артық қолдануға болмайды. Балаларда қолдану ұзақтығына қатысты дәрігермен кеңесу қажет. Қайталап қолдануды бірнеше күн үзілістен кейін ғана бастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.