+140 бонус

КСИЛАТ 200 мл р-р

9:00-ден кейін қолжетімді
2800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Электролиты в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ООО Юрия-Фарм
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: ксилитол, 50,0 мг; натрий ацетаты тригидраты (натрий ацетатына шаққанда), 2,6 мг; натрий хлориді, 6,0 мг; кальций хлориді дигидраты (кальций хлоридіне шаққанда), 0,1 мг; калий хлориді, 0,3 мг; магний хлориді гексагидраты (магний хлоридіне шаққанда), 0,1 мг; қосымша заттар: инъекцияға арналған су, концентрацияланған хлорсутек қышқылы*. * - препараттың рН мәнін регламенттік мәндерге жеткізу үшін.
Қолданылуы
жарақаттық, геморрагиялық және күйіктен болған шокта уыттануды азайту, микроциркуляцияны жақсарту үшін (қандағы және несептегі осмолярлығын есепке ала отырып) қант диабетінде және глюкоза утилизациясының басқа бұзылуларында пайда болатын көмірсуларға қажеттілікті ішінара толықтыру үшін операциядан кейінгі кезеңде жедел қан жоғалтуда күйік ауруларында.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гиперосмолярлық кома анурия ісінулер миға қан құйылу; тромбоэмболия; жүрек-қантамыр декомпенсациясы; III дәрежелі артериялық гипертензия; балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектерге вена ішіне тамшылатып, минутына 50-70 тамшы жылдамдықпен, яғни 2.1- 3.0 мл/кг/сағ. немесе 150-210 мл/сағ. енгізеді. Ең жоғары доза: ересектерге – тәулігіне 2100 мл немесе дене салмағының әр кг-на тәулігіне 1.5 г ксилитол. Инфузияның ең жоғары жылдамдығы – 210 мл/сағ. (минутына 70 тамшы) = дене салмағының әр кг-на 0,15 г ксилитол/сағ. Ересектерге Науқастардың, соның ішінде қант диабеті бар науқастарды парентеральді түрде тамақтандыру үшін 600-1000 мл-ден (науқастың 1 кг дене салмағына 10-15 мл) тәулігіне 1–2 рет (тәуліктік дозаны екі енгізуге бөлуге болады). Жарақаттық, геморрагиялық және күйіктік шоктарда уыттануды азайту, микроциркуляцияны жақсарту үшін 600-1000 мл-ден (науқастың 1 кг дене салмағына 10-15 мл) тәулігіне 1–2 рет (тәуліктік дозаны екі енгізуге бөлуге болады). Жедел қан жоғалтуда 1000-1400 мл-ден (20 мл/кг дейін). Мұндай жағдайда Ксилат препаратымен инфузияны ауруханаға дейінгі кезеңде жүргізу керек. Операциядан кейінгі кезең 400-600 мл-ден (6–10 мл/кг), тамшылатып, тәулігіне 1–2 рет, (тәуліктік дозаны екі енгізуге бөлуге болады), 3–5 күн бойы. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне (в/і) тамшылатып.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.