+363 бонус

КСИФИА 400мг №10 таб

7260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефиксим
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА СЕВЕРНАЯ МАКЕДОНИЯ
  • Өндіруші: Алкалоид АД Скопье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 447,63 мг цефиксим тригидраты (400 мг цефиксимге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (101 типі), кальций гидрофосфаты дигидраты, желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза (102 типі), магний стеараты үлбірлі қабығының құрамы: Oпадрай ақ Y-1-7000: гипромелоза, макрогол 400, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Цефиксимге сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеуде: ‒ жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекцияларында (фаринго-тонзиллит, синусит); ‒ ортаңғы құлақтың жедел қабынуында; ‒ төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында (жедел бронхит, созылмалы бронхиттің өршуі, трахеобронхит); ‒ несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларында (жедел пиелонефритті де қоса)
Қарсы көрсетілімдер
‒ цефиксимге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ‒ препаратты цефалоспориндер мен пенициллиндерге сезімталдығы жоғары пациенттерге де қолдануға болмайды; ‒ 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Дозалану режимі Препаратты әрдайым өз дәрігеріңіздің немесе фармацевттің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Егер Сіз бір нәрсеге сенімсіз болсаңыз, өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Қабықпен қапталған Ксифиа препаратын дәрігер тағайындаған дозаға және емдеу ұзақтығына сәйкес қолдану керек. Маңызды! Сіздегі симптомдар немесе Сіздің балаңыздағы симптомдар азайғаннан немесе жоғалғаннан кейін, преапаратты қабылдауды тоқтатпаңыз, препаратты қабылдауды сізге дәрігер жазып берген уақыт бойына жалғастырыңыз. Ересектер және 12 жастан бастап балалар: Бір реттік дозада тәулігіне 400 мг (1 таблетка) немесе күніне екі рет 200 мг (жарты таблетка) әрбір 12 сағат сайын екі дозаға бөлінеді. Балалар мен жасөспірімдерде қолданыңыз 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге ересек дозаны беруге болады. 12 жасқа дейінгі балалар үшін цефиксим суспензиясы ұсынылады. Шала туылған нәрестелер мен жаңа туған нәрестелерде цефиксимді (Ксифиа белсенді ингредиенті) қабылдаудың қауіпсіздігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Егер сізде бүйрек проблемалары болса, дәрігер дозаны азайтуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Препаратты ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды көп мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.