+464 бонус

КСЕНИКАЛ 120 мг № 21 капс

9280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Roche S.p.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 120 мг орлистат бар, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, повидон К 30, натрий лаурилсульфаты, тальк капсуланың қабығы: индигокармин (Е132), титанның қостотығы (Е171), желатин.
Қолданылуы
Ксеникал орташа гипокалориялы диетамен біріктіріп: - семіздігі бар науқастарды (дене салмағы индексі 30 кг/м2 және одан көп), -қатар жүретін қауіп факторы болған кезде артық дене салмағы бар науқастарды (дене салмағы индексі 27 кг/м2 және одан көп) емдеу үшін көрсетілген. Емді бастағаннан бастап 12 апта өткеннен кейін бастапқы көрсеткіштен ең кемі 5%-ға салмақ төмендетілмеген жағдайда препаратпен емдеуді тоқтатады.
Қарсы көрсетілімдер
орлистатқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық созылмалы мальабсорбция синдромы холестаз жүктілік және бала емізуде 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Ересектер 120 мг бір капсуладан әр негізгі ас ішумен (тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бір сағат өтуінен кеш емес). Егер ас ішу уақыты өтіп кетсе немесе тамақ құрамында май болмаса, онда препарат қабылдауды да өткізіп жіберуге болады. Емдеу кезеңінде 30%-ы майдан тұратын теңгерімді, орташа гипокалориялық диета ұстану ұсынылады. Жеміс-жидектер тұтыну ұсынылған. Майларды, ақуыздарды және көмірсуларды тәуліктік тұтынуды 3 негізгі қабылдауға бөлу қажет. Жоғарыда ұсынылғаннан (тәулігіне 3 рет 120 мг) жоғары дозаларды қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелмейді. Препаратты қабылдау дозаны қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан кейін майдың нәжіспен бөлініп шығу мөлшерінің артуына әкеледі. Емді тоқтатқаннан кейін нәжістегі май мөлшері әдетте 48-72 сағат ішінде бастапқы деңгейіне қайта оралады. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің, егде жастағы пациенттердің, сондай-ақ балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.