+1057 бонус

КСАРЕЛТО 2,5 мг №56 таб

21150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ривароксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 2,5 мг микрондалған ривароксабан, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 5 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, қабығының құрамы: темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е 172), гипромеллоза 15 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), макрогол 3350 (полиэтиленгликоль (3350)), титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
- кардиоспецификалық биомаркерлердің жоғарылауымен жүретін жедел коронарлық синдромнан (ЖКС) кейінгі ересек пациенттердің атеротромбоздық құбылстардың профилактикасы үшін, ацетилсалицил қышқылымен немесе тиенопиридиндер – клопидогрелмен немесе тиклопидинмен бірге ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеуде. - ишемия құбылыстарының даму қаупі жоғары жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) немесе шеткері артериялардың симптомдік ауруы (ШАА) бар ересек пациенттердің атеротромбоздық құбылстардың профилактикасы үшін, ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық клиникалық тұрғыдан белсенді, елеулі қан кету асқазан-ішек жолының бұрыннан бар немесе жуырда пайда болған ойық жарасы, көп қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, мидың немесе жұлынның жуырда алған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым, жақын арада болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюі диагнозының анықталуы немесе соған күдіктену, артерия-веналық даму аномалиялары, қантамыр аневризмалары немесе жұлынның немесе мидың ірі қантамырларының патологиясы сияқты ауқымды қан кетудің елеулі қауіп факторы болып саналатын бұзылыс немесе жағдай. фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.с.с.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас емдеу, басқа антикоагулянттық емге көшудің немесе ФБГ венаның немесе артерияның орталық катетерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда енгізілетін ерекше жағдайларынан басқасында инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуылды бастан өткерген пациенттерде ЖКС тромбозға қарсы қатарлас емі. бір ай көлемінде геморрагиялық немесе лакунарлық инсультті, сондай-ақ, кез келген инсультті бастан өткерген пациенттерде ЖИА/ШАА ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) қатарлас емдеу. Чайлд-Пью бойынша В және С класты бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы. жүктілік және емшек емізу кезеңі. тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, толық лактазаның тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.
Дозасы
Жедел коронарлық синдромнан кейінгі ересек пациенттердегі атеротромбоздық құбылстардың профилактикасы Ксарелто 2,5 мг тәулігіне 2 рет қабылдап жүрген пациенттер тәуліктік 75-100 мг дозадағы АСҚ немесе тәуліктік 75-100 мг дозадағы АСҚ тәуліктік 75 мг дозадағы клопидогрелмен немесе стандартты тәуліктік дозадағы тиклопидинмен біріктіріп те қабылдауы керек. Жүргізіліп жатқан емді әр пациентте жекелей, ишемия құбылыстары мен қан кетулердің даму қауіптері арасындағы теңгерім тұрғысынан жүйелі түрде бағалап отыру керек. Емдеу жекелеген жағдайларда 12 айдан астам мерзімге созылуы тиіс, өйткені 24 айға дейін қолдану тәжірибесі шектеулі. Ксарелто 2,5 мг препаратымен емі реваскуляризация емшараларын қоса, ЖКС-мен байланысты жағдай тұрақтанғаннан кейін барынша ертерек басталуы тиіс. Ксарелто® препаратын қабылдауды пациент стационарға түскеннен және әдетте, парентеральді антикоагулянттармен емдеу тоқтатылғаннан кейін 24 сағаттан ерте бастамау керек. Жүректің ишемиялық ауруы немесе шеткері артериялардың симптомдық ауруы бар ересек пациенттердегі атеротромбоздық құбылыстардың профилактикасы Ксарелто 2,5 мг препаратын тәулігіне 2 рет қабылдап жүрген пациенттер, тәуліктік 75-100 мг дозадағы АСҚ да қабылдауы керек. Симптомдық ШАА салдарынан болған аяқтың сәтті реваскуляризациясы (гибридті түрлерін қоса алғанда ашық немесе эндоваскулярлық араласу) бар пациенттерде гемостазға жеткенге дейін емдеуді бастамаған жөн. Емдеу ұзақтығын әр пациентте ишемиялық оқиғалар мен қан кетулердің даму қауіптері арасындағы теңгерім тұрғысынан жүргізілетін емдеуді жүйелі бағалау негізінде жеке түрде айқындаған жөн. ЖКС кейін ересек пациенттерде, ЖИА немесе симптомдық ШАА бар ересек пациенттерде атеротромбоздық оқиғалардың алдын алу. Тромбозға қарсы терапиямен бірге қолдану Жедел тромбоз құбылысы немесе қантамырларға араласым жүргізу қажеттілігі бар, тромбозға қарсы қосарлы емді қажет ететін пациенттерде Ксарелто® 2,5 мг препаратын тромбоз құбылысының немесе араласудың типіне, сондай-ақ, тромбозға қарсы емнің түріне байланысты күніне екі рет қабылдауды жалғастыру қажеттілігіне баға беру керек. Ксарелто® 2,5 мг препаратының тромбозға қарсы қосарлы терапиямен біріктіріп күніне екі рет қабылданғандағы қауіпсіздігі мен тиімділігі жақында ЖКС-ке шалдыққан, Ксарелто® 2,5 мг АСҚ-мен және клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктіріп қабылдаған және симптомдық ШАА салдарынан жақында аяқтың реваскуляризациясына ұшыраған, Ксарелто 2,5 мг АСҚ-мен біріктіріп қабылдаған және қажет болған жағдайда клопидогрел қысқа курсын қолданған пациенттерде зерттелді. Өткізіп алған доза Кезекті дозаны өткізіп алған жағдайда пациент келесі тұрақты қабылдауға стандартты ұсынылған дозамен емдеуді жалғастыруы керек. Бұрын өткізіп алған дозаны өтеу үшін қабылданатын дозаны екі есеге арттырмау керек. К дәруменінің антагонистерінен Ксарелто® препаратына ауысу Пациенттер КДА-дан Ксарелто® препаратына ауысқан кезде, Ксарелто® препаратын қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылауы мүмкін. ХҚҚ Ксарелто® препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін жарамсыз және сондықтан да, аталған мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Ксарелто® препаратынан К дәруменінің антагонистеріне ауысу Ксарелто® препаратынан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсері жеткіліксіз болуы мүмкін. Соған байланысты, мұндай басқа антикоагулянтқа ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсермен қамтамасыз ету қажет. Ксарелто® препараты ХҚҚ жоғарылауына ықпал етуі мүмкіндігін айта кету керек. Ксарелто® препаратынан КДА-ға ауысқан кезде, Ксарелто® препаратын ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішіне жеткенге дейін КДА-мен бір мезгілде қабылдау керек. Ауысу кезеңінің алғашқы екі күні ішінде КДА стандартты бастапқы дозасын қолданып, артынан ХҚҚ анықтаудың негізіндегі КДА дозасын тағайындау керек. Ксарелто® мен КДА бір мезгілде қабылдаған кезде, ХҚҚ Ксарелто® препаратының алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін және келесі дозасын қабылдаудың алдында 24 сағаттан ерте анықтамау керек. Ксарелто® препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ нақты анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады. Парентеральді антикоагулянттардан Ксарелто® препаратына ауысу Парентеральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттер үшін, следует отменить парентеральді антикоагулянтты тоқтату және Ксарелто® препаратын қабылдауды парентеральді препараттың (мысалы, төмен молекулалы гепариннің) келесі жоспарлы енгізілу сәтіне дейін 0-2 сағат бұрын немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) бастау керек. Ксарелто® препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу Ксарелто® препаратын тоқтату және Ксарелто® препаратының келесі дозасы қабылдануы тиіс сәтте парентеральді антикоагулянттың алғашқы дозасын енгізу керек. Пациенттердің жекелеген популяциялары бойынша қосымша ақпарат Бүйрек жеткіліксіздігі Ксарелто препаратының бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) пациенттерде қолданылуы туралы шектеулі клиникалық деректер, аталған пациенттерде плазмада ривароксабан деңгейінің едәуір жоғарылағанын көрсетіп отыр. Соған орай, Ксарелто® препаратын пациенттердің бұл тобында сақ болып қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/минут пациенттерде Ксарелто препаратын қолдану ұсынылмайды. Бүйректің жеңіл жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсі 50-80 мл/минут немесе бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсі 30-49 мл/мин пациенттерде Ксарелто препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі Ксарелто препаратын Чайлд-Пью жіктемесі бойынша бауырдың B және C класты циррозы бар пациенттерді қоса, коагулопатиямен және клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен жүретін бауыр аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Пациенттің жасы ұлғайған сайын қан кету қаупі жоғарылай түседі. Дене салмағы Дозасын түзету қажет емес. Жыныс Дозасын түзету қажет емес. Балалар мен жасөспірімдер Ксарелто® препаратының балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Сондықтан, Ксарелто® препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.