+214 бонус

КРУРОВИТ 100 мг №56 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цилостазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - цилостазол, 50 мг немесе 100 мг, қосымша заттар - микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, кальций кармеллозасы, гипромеллоза 2910, магний стеараты.
Қолданылуы
- тыныштық жағдайында ауыруды сезбейтін және шеткері тіндер некрозының белгілері жоқ (Фонтейн бойынша шеткері артериялардың II сатыдағы аурулары) мезгіл-мезгіл ақсақтықпен пациенттерде максимальді жүру қашықтығы және ауырусыз жүру қашықтығын арттыру (АЖҚ) үшін - өмір салтын өзгерту (темекі шегуден бас тартуды және [бақыланатын] дене жаттығуларының бағдарламасын қоса) және басқа да сәйкес араласымдар мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомдарының жеткілікті жақсаруына әкелмеген пациенттерде екінші желі емі ретінде
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық - бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин) - бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі - қан кетулерге кез келген белгілі бейімділік (мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы ауруының белсенді түрі, жуық арада өткерген (6 ай ішінде) геморрагиялық инсульт, пролиферативті диабеттік ретинопатия, нашар бақыланатын гипертензия) - қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция немесе анамнезінде QT аралығының ұзаруымен тиімді немесе тиімсіз бақыланатын қарыншалық мультифокальді эктопия - анамнезіндегі ауыр тахиаритмия - екі немесе одан да көп қосымша антитромбоцитарлық дәрілерді немесе антикоагулянтты (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, гепарин, варфарин, аценокумарол, дабигатран, ривароксабан немесе апиксабан) бір мезгілде қолдану - тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі немесе анамнезіндегі коронарлық араласым (соңғы 6 ай ішінде)
Дозасы
Цилостазолдың ұсынылған дозасы тәулігіне 2 рет 100 мг құрайды. Круровитпен® емді мезгіл-мезгіл ақсақтықты емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы керек. Дәрігер қажетті әсер немесе симптомдарының жақсаруы болмаған жағдайда Круровитті® тоқтату мақсатында 3 ай емдегеннен кейін пациентті қайта қарап тексеруі керек. Круровит® қабылдайтын пациенттерге жүрек-қантамырлық құбылыстардың даму қаупін азайту үшін өмір салтын өзгерту (темекі шегуден бас тарту және дене жаттығулары) және фармакологиялық араласымды жалғастыру керек (мысалы, липидті төмендететін антитромбоцитарлық дәрілерді қабылдау). Цилостазол емнің аталған түрлерін алмастырмайды. Тәулігіне екі рет 50 мг дейін дозаны төмендету CYP3A4 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды, мысалы, кейбір макролидті препараттар, азолдар тобынан зеңге қарсы дәрілері, протеаза тежегіштері немесе CYP2C19 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттар, мысалы, омепразолды қабылдайтын пациенттерге ұсынылады. Егде жастағы пациенттер Пациенттердің осы санаты үшін дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Балалар мен жасөспірімдер Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректердің болмауына байланысты, балаларға тағайындауға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы Креатинин клиренсі > 25 мл/минут пациенттерде дозасын түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі ≤ 25 мл/минут пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр ауруларының жеңіл түрлері бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Цилостазол бауыр ферменттерімен белсенді метаболизденетіндіктен, ол бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерге қолданылмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Таблеткаларды әрқашанда сумен ішіңіз. Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Круровитті® тамақ ішкенге дейін 30 минут бұрын таңертең және кешкісін қабылдау керек. Цилостазолды аспен бірге қабылдау цилостазолдың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясын (Cmax) жоғарылатуы мүмкін, ол жағымсыз әсерлер қаупін жоғарылатуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы Круровит® препаратының оң әсері емдеуден кейін 4-12 апта бойы сақталуы мүмкін. Емдеуші дәрігеріңіз емдеу басталғаннан кейін 3 айдан соң Сіздің жай-күйіңізге баға береді және, егер емдеудің әсері жеткіліксіз болса, цилостазол қабылдауды тоқтатуыңызды ұсынуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.