Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 3 мг микрондалмаған дроспиренон,
0.03 мг микрондалған этинилэстрадиол
қосымша заттар:
Лактоза моногидраты
Жүгері крахмалы
Желатинделген крахмал
Кросповидон (Пласдон XL-10 В типі)
Кросповидон (Пласдон XL-10 А типі)
Повидон К-30
Полисорбат 80
Магний стеараты
қабық құрамы: Опадрай II сары: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
ішуге арналған контрацепция
Кристи препаратын тағайындау туралы шешімді әрбір әйелдегі әсіресе веналық тромбоэмболия (ВТЭ) қауіп факторын, сондай-ақ препаратты қолдану аясында ВТЭ даму қаупін басқа да біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қолданумен салыстыру бойынша бағалауды ескере отырып, қабылдау керек. (4.3 және 4.4 тармақтарын қараңыз)
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жер жаңғаққа немесе сояға аса жоғары сезімталдық
- веналық тромбоэмболия (ВТЭ) қаупі болуы
- қазіргі уақытта веналық тромбоэмболия (антикоагулянттар қолдану) немесе анамнезінде (мысалы, терең веналар тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ]) болуы
- веналар тромбоэмболиясы дамуына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы белсендірілген С протеиніне резистенттілік (Лейден V факторын қоса), антитромбин III жеткіліксіздігі, C протеині жеткіліксіздігі, S протеині жеткіліксіздігі
- ұзақ иммобилизациясымен ауқымды хирургиялық араласымдар
- қауіптің көптеген факторлары болуы салдарынан веналық тромбоэмболия дамуының жоғары қаупі
- артериялық тромбоэмболия (АТЭ) болу қаупі, қазіргі уақыттағы артериялық тромбоэмболия, анамнезінде (мысалы, миокард инфарктісі) немесе алдындағы ауырулар (мысалы, стенокардия)
- цереброваскулярлық аурулар: ағымдағы кезеңдегі инсульт, анамнезінде немесе бұрын болған жай-күйлер (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл [ТИШ])
- артериялық тромбоэмболия дамуына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы гипергомоцистеинемия және антифосфолипидті антиденелер (антикардиолипинді антидене, қызыл жегілік антикоагулянт) болуы
- анамнезінде ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы
- келесі күрделі қауіп факторларының бірі немесе көптеген қауіп факторлары салдарынан артериялық тромбоэмболияның жоғары қаупі болуы: тамырлық асқынулары бар қант диабеті, ауыр артериялық гипертензия, айқын дислипопротеинемия
- қазіргі уақыттағы немесе анамнезіндегі ауыр бауыр аурулары («бауыр» сынамалары қалпына келгенге дейін)
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі
- қазіргі уақыттағы немесе анамнезіндегі бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі)
- диагностикаланған гормонға тәуелді жыныс жүйесінің қатерлі аурулары (жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің) немесе оған күдік болуы
- диагностикаланбаған қынаптық қан кетулер.
- омбитавирмен / паритапревирмен / ритонавирмен және дасабувирмен бір мезгілде қабылдау
- тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
Дозасы
Қатарынан 21 күн бойына күніне бір таблеткадан қабылдау қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды қаптамада көрсетілген бірізділікпен, қажет болса, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен жұта отырып, күн сайын белгіленген бір уақытта қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Әр келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдау 7-күндік аралықтан кейін басталуға тиіс, осы аралықта әдетте етеккір тәріздес қан кету болады. Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3 күн өткенде басталады және келесі қаптаманың басталу сәтінде аяқталмауы да мүмкін.
Егер бұрын гормональді контрацептивтер пайдаланылмаса (соңғы айда)
Кристи препаратының қабылдануы әйелдің табиғи етеккір айналымының алғашқы күні (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады.
Басқа біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) (біріктірілген ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді (БІК), қынаптық сақинаны немесе трансдермальді бұласырды) алмастырған жағдайда:
Әйелге Кристи препаратын қабылдауды алдыңғы БІК-тің соңғы белсенді таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күні бастау ұтымдырақ; мұндай жағдайларда Кристи препаратын қабылдау таблеткалар қабылдаудағы әдеттегі үзілістен немесе алдыңғы БІК-тің белсенді емес таблеткаларын қабылдағаннан кейінгі келесі күннен кеш басталмауға тиіс. Қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алмастырғанда Кристи препаратын қабылдауды алдыңғы құралды алып тастаған күні бастаған дұрыс; мұндай жағдайларда Кристи препаратын қабылдау алмастыру шарасы белгіленген күннен кешікпей басталуға тиіс.
Әдісті тек прогестиндерді (мини-пили, инъекциялық түрлері, имплантаттар) немесе прогестин босатылатын жатырішілік жүйені (ЖІЖ) қолданумен ауыстырған жағдайда
Әйел құрамында тек прогестин бар мини-пилиден кез келген күні (имплантаттан немесе ЖІЖ-ден – оны алып тастаған күні, инъекциялық түрден - келесі инъекция жасалуға тиіс күннен бастап) көше алады.
Алайда бұл жағдайлардың бәрінде таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін пайдаланған дұрыс.
Бірінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін
Әйелдің қабылдауды дереу бастауына болады. Бұл шарт қадағаланса, контрацепцияның қосалқы шараларының қажеттілігі жоқ.
Босанудан соң немесе екінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін Әйелдің Кристи препаратын қабылдауды босанудан соң немесе үшінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін 21-28 күні бастағаны жөн. Егер қабылдау кеш басталса, таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгеттік әдісін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдай бастағанға дейін жыныстық қатынас болған жағдайда жүктіліктің болмағанына көз жеткізу немесе алғашқы етеккірді күту керек.
Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау
Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан кем болса, контрацептивтік қорғаныс кемімейді. Әйел таблетканы барынша тезірек қабылдауы қажет, келесі таблеткалар әдеттегі уақытта қабылданады.
Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан асып кетсе, контрацептивтік қорғаныс кемиді. Өткізіп алынған таблеткаларды реттегенде келесі екі қарапайым ережені жетекшілікке алған жөн:
Таблеткалар қабылдауды 7 күннен артық кешіктіруге болмайды;
Гипоталамустық-гипофизарлық-аналық бездік жүйенің талапқа сай бәсеңдеуіне қол жеткізу үшін таблеткаларды 7 күн үздіксіз қабылдау қажет.
Тиісінше күнделікті тәжірибеде келесі кеңестерді беруге болады:
1 апта
Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды. Қосымша бөгеттік контрацепция әдісі келесі 7 күн бойына пайдаланылуға тиіс. Егер таблетканы өткізу алдындағы 7 күн ішінде жыныстық қатынас болса, жүкті болу ықтималдығы ескерілуі қажет. Неғұрлым көп таблеткалар өткізіп алынса, әрі бұл өткізу препарат қабылдаудағы 7-күндік үзіліске жақын болса, соғұрлым жүктілік қаупі жоғары.
2 апта
Өткізіп алынған соңғы таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды. Егер әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткаларды дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы әдістерін пайдаланудың қажеті жоқ. Алайда, егер ол 1 таблеткадан да көбірек өткізіп алса, келесі 7 күнде қосымша сақтану шараларын пайдалану қажет.
3 апта
Контрацепциялық әсердің таблеткалар қабылдаудағы алдағы 7-күндік үзіліс салдарынан төмендеу ықтималдығы айтарлықтай. Алайда, таблеткалар қабылдау сызбасын реттей отырып, контрацепциялық қорғаныстың кемуін болғызбауға болады. Егер келесі екі кеңестің кез келгені қадағаланса, әрі әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткалардың бәрін дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы тәсілдері керек болмайды. Егер бұлай болмаса, ол екі тәсілдің біріншісіне сүйенуге, сондай-ақ келесі 7 күн бойына қосымша сақтану шараларын пайдалануға тиіс.
1. Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды. Жаңа қаптамадан таблеткалар қабылдау ағымдағы қаптама біткен бойда, яғни екі қаптаманы қабылдау арасындағы үзіліссіз басталуға тиіс. Бәрінен бұрын, екінші қаптамадан таблеткалар біткенге дейін «тоқтату» қан кетпеуінің ықтималдығы аса зор, бірақ таблеткаларды қабылдау күндерінде жағынды қанды бөліністер немесе лақылдаған жатырішілік қан кетуі байқалуы мүмкін.
2. Әйелге осы қаптамадан таблеткалар қабылдауды тоқтатуды ұсынуға болады. Одан кейін, таблеткалар қабылдауды ұмытқан күндерін қоса, оның таблеткалар қабылдауда 7 күндік үзілісі болады, сонан соң жаңа қаптаманы бастауы қажет. Таблеткалар қабылдауды өткізіп алған және препарат қабылдаудан бос бірінші аралығында «тоқтату» қан кетуінің болмауы жағдайында жүктіліктің бар-жоғын анықтау қажет.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу туындаған жағдайдағы ұсыныстар
Асқазан-ішек жолы жағынан болатын ауыр сипатты реакциялар жағдайында (құсу немесе диарея сияқты) сіңу толық болмауы мүмкін, демек контрацепцияның қосалқы шараларын қолдану қажет.
Таблетка қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат шегінде құсқан жағдайда барынша дереу жаңа, алмастыратын таблетканы қабылдау керек. Жаңа таблетканы, мүмкіндігінше, қабылдаудың әдеттегі уақытынан кейін 12 сағат ішінде қабылдау қажет. Егер 12 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе, мүмкіндігінше, «Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау» бөлімінде көрсетілген препаратты қабылдау ережелерін қадағалау керек. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалыпты тәртібін өзгерткісі келмесе, ол басқа қаптамадан қосымша таблетка (немесе бірнеше таблетка) қабылдауға тиіс.
«Тоқтату» қан кетуін қалай кейін шегеруге болады
Етеккірдің басталатын күнін кейін шегеру үшін қабылдаудағы үзіліссіз жаңа қаптамадан Кристи препаратын қабылдауды жалғастыру қажет. Екінші қаптамадағы таблеткалар біткенше кейін шегерілу мүмкіндігі бар.
Цикл ұзартылған кезде қынаптан жағынды қанды бөліністер немесе жатырішілік лақылдаған қан кетулер болуы ықтимал. Жаңа қорапшадан Кристи препаратын қабылдауды әдеттегі 7-күндік үзілістен соң жаңғыртқан жөн.
Етеккірдің басталу күнін әдеттегі кесте аптасының басқа күніне ауыстыру үшін таблеткалар қабылдаудағы жақын үзілісті қанша қажет болса, сонша күнге қысқартуға болады. Аралық неғұрлым қысқа болса, «тоқтату» қан кетуінің болмау қаупі соғұрлым жоғары, ал келесі қаптамадан қабылдаған кезде лақылдап қан кетулер және жағынды қанды бөліністер (етеккір басталуын кейінге шегерген жағдайдағы сияқты) болады.
Пациенттердің жеке-дара санаттары
Балалар және жасөспірімдер
Бірінші етеккір циклынан кейін Кристи препаратын қабылдау көрсетілген. Доза өзгерту қажеттігі туралы деректер алынбаған.
Егде пациенттер
Қолданылмайды. Кристи препараты менопауза басталғаннан кейін қолданылмайды.
Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер
Кристи препараты бауыр функциясы бұзылуы бар әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер
Кристи препараты ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.