+122 бонус

КРЕОН 10000 ЕД 150 мг №20 капсулы

2445 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Полиферментные препараты в т.ч. липаза, протеаза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Абботт Лабораториз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – ең төмен ферменттік белсенділігімен 150 мг панкреатин: Еур. Ф. бойынша 8000 Б амилаза, Еур. Ф. бойынша 10000 Б липаза, Еур. Ф. бойынша 600 Б протеаза . қосымша заттар пеллет ядросы: макрогол 4000, пеллет қабығы: цетил спирті, гипромеллоза фталаты, триэтилцитрат, диметикон 1000, капсула қабығы: желатин, сусыз темір (III) тотығы (Е 172), гидратты темір (III) тотығы (Е 172), темір (II, III) тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
- ас қорытудың бұзылуымен байланысты ұйқы безінің бұзылған экзокринді қызметі - муковисцидозда ұйқы безінің жеткіліксіз жұмысын қолдау.
Қарсы көрсетілімдер
- шошқадан алынған панкреатинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жекелеген жоғары сезімталдық
Дозасы
Балалар мен ересектердегі муковисцидоз кезінде дозаны тағайындау Креон® препаратының барлық дозалары жасына байланысты белгілі бір дене салмағы бар пациенттерде емдеуді бастау үшін қолайлы болмауы мүмкін. Балалар мен ересектердегі муковисцидоз кезінде дозаны тағайындау Муковисцидоздың Америкалық Қорының ұсынымына сай, Креон®препаратын келесі берілген бойынша есептейді: - Дозалануы дене салмағына негізделуі керек және 4 жасқа дейінгі балалар үшін бір рет ас қабылдауға  дене салмағының 1 кг-ге липазаның 1000 бірлігі мөлшерінде және 4 жастан үлкен жастағылар санатында үшін бір қабылдауға дене салмағының 1 кг-ге липазаның 500 бірлігі мөлшерінде есептелуі тиіс. Баланың жасы Ұсыныстар 4 жасқа дейінгі Дене салмағының 1 кг-ге липазаның 1000 бірлігі 4 жастан асқан Дене салмағының 1 кг-ге липазаның 500 бірлігі - Дозалануын және емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына, стеатореяны бақылау нәтижесіне және тамақтану статусының жақсы сақталуына байланысты анықтайды. - Емдеуді ең аз ұсынылған дозадан бастау керек және оны біртіндеп арттыру керек. Пациенттің реакциясын, симптомдары мен тамақтану жағдайын мұқият бақылау керек. Пациенттерге дозаны өздігінен арттырмайтыны туралы хабарлау керек. Дозаны өзгерту бірнеше күн ішінде бейімделу кезеңін қажет етуі мүмкін. - Көптеген пациенттерде доза дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне липазаның 10 000 бірлігінен немесе тағамдағы 1 грамм майға липазаның 4000 бірлігінен аспау керек. Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігі қатар жүретін басқа жағдайларда дозалау. Дозалануын және емдеу ұзақтығын, ас қорытудың бұзылу дәрежесі мен  тағамдағы майдың  мөлшеріне қатысты пациенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  анықтау керек. Пациентке негізгі тамақ қабылдаумен (түскі, таңғы немесе кешкі аспен)  бірге қажет доза липазаның 25000-нан 80000 Б дейін (Еур. Ф.) ауытқуы мүмкін, ол 3-тен 8-ге дейінгі Креон® 10000 капсуласын құрайды, ал негізгі тамақ қабылдау аралығында жеңіл тамақ қабылдаған кездегі дозасы шамамен жекелеген дозаның жартысын немесе 1-4 капсуланы құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Аурудың ауырлығына және диета құрамына байланысты препарат дозасын әр адамға жеке таңдайды. Креон® 10000 капсулаларын тамақ қабылдаған кезде немесе одан кейін дереу ішке қабылдайды. Креон® 10000 1 капсуласынан артық қабылдау қажет болған кезде, 1 капсуланы тамақ қабылдағанға дейін – ал қалғандарын тамақ ішкен кезінде қабылдау керек. Капсуланы бүтіндей, бөлместен және оларды шайнамастан, судың жеткілікті мөлшерімен бірге жұту керек. Капсуланы жұту қиын болған кезде (мысалы, кішкентай балаларда немесе қарт жастағы науқастарда) капсуланы абайлап ашып, минимикросфераларын  шайнауды талап етпейтін жұмсақ тағамға қосу немесе сусынмен бірге қабылдау керек. Осы ретте ферменттердің мерзімінен бұрын босап шығуының және (pH < 5.5) ыдырауының алдын алу үшін минимикросфераларға араластыратын тағам немесе сусын  қышқыл болу керек. Бұл алма пюресі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы ананас, алма немесе апельсин шырын болуы мүмкін. Түйіршіктерді сумен, сүтпен немесе ыстық тағаммен араластыруға болмайды. Минимикросфералардың тамақпен немесе сұйықтықпен кез-келген қоспасын сақтауға болмайды және оны дайындағаннан кейін тез қабылдау керек. Шайнау немесе минимикросфераларды зақымдау ішекте еритін қорғаушы қабықты бұзуы ықтимал, нәтижесінде энзимдердің мерзімінен бұрын босап шығуы ауыз қуысы шырышының тітіркенуін және/немесе препараттың емдік әсерінің төмендеуін туғызуы мүмкін. Сондай-ақ минимикросфералардың ас қабылдағанннан кейін ауыз қуысында қалып қоймауын қадағалаңыз. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ұдайы қабылдап тұру маңызды, әсіресе оны жоғалту күшейген кезде. Сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау іш қатудың себебі болуы мүмкін. Егер пациент Креон® өз уақытында қабылдауды ұмытып кетсе, өткізіп алған дозаны тікелей тамақты қабылдағаннан кейін қолдануға болады. Арасы ұзаққа созылып кетсе дұрысы қабылдамаған жөн. Келесі тамақ қабылдау уақытында препараттың әдеттегі дозасын қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.