КРАЙНОН 8% №15 гель в аппликаторах

68000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прогестерон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: Флит Лабораториез Лтд,Великобритания
Нұсқаулық
Құрамы
Бір аппликатордың құрамында белсенді зат – 90 мг прогестерон, қосымша заттар: глицерол, жеңіл сұйық парафин, гидрирленген пальма майының глицериді, карбомер 974Р, сорбин қышқылы, поликарбофил, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
- лютеин фазасының жеткіліксіздігінен болатын бедеулікті емдеуде - овуляторлы оралым қалыпты, бедеулігі жатыр түтікшесінің ауруымен, эндометриозбен немесе идиопатиялық патологиялармен байланысты болатын пациенттерге қосымша ұрпақ өрбіту технологияларын (ҚҰӨТ) қолданған кезде лютеин фазасын демеуге.
Қарсы көрсетілімдер
- прогестеронға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - этиологиясы белгісіз қынаптық қан кетулер - прогестерон сезімтал ісіктері орын алғанда немесе күдіктенгенде; - порфирия; - тромбофлебит, тромбоэмболиялық бұзылулар, ми қан айналымының жедел бұзылулары (бар немесе анамнездегі); - жетілмеген жүктілік.
Дозасы
Крайнон® препаратының бір аппликаторы ішіндегісін қынапқа дәрігер овуляция басталғандығы туралы хабарлаған күннен бастап немесе етеккір оралымының 18-21 – күнінен бастап күн сайын енгізіңіз. (Етеккір оралымының бірінші күні - етеккір басталған күн.) Қосалқы репродуктивті технологияларды қолданғанда эмбрион тасымалданған күннен бастап, Крайнон® препаратының бір аппликаторы ішіндегісін қынапқа күн сайын, мүмкіндігінше таңертең енгізіңіз. Жүкті болғаныңыз расталғаннан кейін, Сіздің дәрігеріңіз Сізге жүктілікті сақтау үшін препаратты қолдануды жалғастыруға ұсыныс береді – препаратты жалпы 30 күн бойы енгізу керек. Енгізу әдісі және жолы Аппликатор гельдің нақты мөлшерін жеткізуді қамтамасыз ету үшін жасалған (1.125 г г гель, құрамында 90 мг прогестерон бар). Аппликаторда енгізілгеннен кейін гельдің аз мөлшері қалуы мүмкін. Сіз қажетті дозаны енгізгеннен кейін оны тастауға болады. Қынаптық Крайнон® гелі бір реттік аппликаторға салынған, ол қынапқа енгізу үшін арнайы жасалған және көп қабатты қаптамамен қапталған. Крайнон® препаратын өз бетінше енгізу үшін мына нұсқаулықтарды оқып, қатаң түрде орындаңыз Препаратты енгізер алдында аппликатордан, құлақша түріндегі ұштығын сындырып алмай, сыртқы қаптамасын алыңыз. 1. Аппликатордың жалпақ ұшының жазық бөлігінен ұстаңыз және оны, гель аппликатордың жіңішке ұшына қарай ауысуы үшін, медициналық термометр сияқты сілкілеңіз. 2. Аппликатордың жалпақ ұшының жазық бөлігінен ұстай отырып, қарсы ұшындағы құлақша түріндегі ұштығын сындырыңыз. Аппликаторды енгізгенге дейін гельдің бөлініп шығуына жол бермеу үшін ауа контейнерін қыспаңыз. 3. Шалқадан жатып, тізені сәл бүгіңіз және аппликатордың жіңішке ұштығын қынапқа абайлап тереңірек енгізіңіз. 4. Ауа контейнерін аппликатордың жалпақ бөлігінде күштірек қыса отырып, гельді сығып шығарыңыз. Пайдаланғаннан кейін аппликаторда гельдің аздаған мөлшері қалуы тиіс, бұл оның конструкциясында алдын ала қарастырылған. Дозаны енгізгеннен кейін аппликаторды абайлап шығарып алыңыз және утилизациялаңыз. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Әрбір аппликаторда гельдің қажетті мөлшері ғана болғандықтан, Сіз тым көп препаратты енгізесіз деу екіталай. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін қос дозаны енгізбеңіз. Егер Сіз препаратты күндердің бірінде енгізуді ұмытып кетсеңіз, келесі күні бір реттік дозаны енгізе отырып, препаратты әдеттегі қолдануды жалғастырыңыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Егер Сізде препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл препаратта жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, бірақ олар әрбір пациентте кездесе бермейді. Аллергиялық реакциялар Егер Сізде аллергиялық реакция пайда болса, Крайнон® препаратын қолдануды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге жүгініңіз. Сізде, мысалы, қышыма тері бөртпесі болуы мүмкін. Бұл жағымсыз әсердің даму ықтималдығы белгісіз. Басқа ықтимал жағымсыз әсерлер Жағымсыз реакциялардың жиілігін жіктеу үшін келесі терминология қолданылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде белгіленуі мүмкін емес). Жиі сүт бездерінің ауырғыштығы Жиі емес етеккірлер аралығында қанкету (жағынды) қынапта немесе қынап айналасында тітіркену немесе басқа да жеңіл реакциялар Ескертпе Крайнон® гелі енгізгеннен кейін бірнеше күн бойы қынапта қалуы мүмкін. Осы кезең ішінде Сізде крем түстіден қоңыр түске дейін түйіршіктер немесе ақ түсті мөлдір емес сұйық бөліністер болуы мүмкін. Бұл бөліністер тітіркену, қынаптың ауыруын немесе ісінуін тудыруы мүмкін, бірақ бұл үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.