+310 бонус

КОСТАРОКС 60 мг №14 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
6200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эторикоксиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған 30 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 30 мг эторикоксиб, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы. үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (11 - 14) (3 - 5 %), темірдің сары тотығы (Е 172). Үлбірлі қабықпен қапталған 60 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 60 мг эторикоксиб, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы. үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (11 - 14) (3 - 5 %), темірдің сары тотығы (Е 172). Үлбірлі қабықпен қапталған 90 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 90 мг эторикоксиб, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы. үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518). Үлбірлі қабықпен қапталған 120 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 120 мг эторикоксиб, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы. үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (11 - 14) (3 - 5 %), темірдің сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
Костарокс® ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерде остеоартрит, ревматоидты артрит (РА), шорбуынданатын спондилоартрит симптомдарын, сондай-ақ жедел подагра артритімен байланысты ауыру мен қабыну белгілерін жеңілдетуге арналған. Костарокс® ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерде арқаның төменгі бөлігінің ауыруын емдеуде, ауыз қуысының хирургиялық араласуына байланысты орташа дәрежедегі ауыруды қысқа мерзімді емдеуге арналған. ЦОГ-2 селективті тежегішін тағайындау жөніндегі шешім пациент үшін барлық жекелей қауіптерге берілген бағаға негізделуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық өршу сатысындағы пептидтік ойық жара немесе жедел асқазан-ішектік қан кету анамнезде ЦОГ-2 (циклооксигеназа-2) тежегіштерін қоса ацетилсалицил қышқылын немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін бронхтың түйілуі, жедел ринит, назальді полиптер, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялардың дамығаны көрсетілген пациенттер
Дозасы
Остеоартрит Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жеткілікті әсері жоқ болғанда дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дейін арттыру жөніндегі мәселені қарастырған жөн. Әсері жоқ болған жағдайда емдеудің басқа да ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыруға болады. Ревматоидты артрит Ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 60 мг немесе 90 мг құрайды. Ең аз тиімді тәуліктік доза күніне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде тәулігіне 1 рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Шорбуынданатын спондилоартрит Ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде, егер жеткілікті әсер болмаса, дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті болады. Әсер болмаған жағдайда емдеудің басқа да ықтимал әдістері туралы мәселені қарастыру керек. Жедел ауыру жағдайлары Костарокс® препаратын жедел ауыру синдромы кезеңінде ғана қолданған жөн. Жедел подагралық артрит Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Клиникалық сынақтарда жедел подагралық артрит үшін эторикоксиб 8 күн бойы тағайындалған. Хирургиялық стоматологияда операциядан кейінгі ауыру Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы ең көп дегенде 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін операциядан кейінгі ауыруды сездірмеудің басқа да әдістерін қарастыру қажет болуы мүмкін. Әрбір ретте қолдану үшін ұсынылғаннан артық дозалар қосымша тиімділік болмайды, немесе олар зерттелген жоқ. Демек: - остеоартритте доза тәулігіне 60 мг-ден аспауы тиіс; - ревматоидты артритте және шорбуынданатын спондилитте доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс; - жедел подаграда доза ең көп дегенде 8 күн бойы емдегенде 120 мг-ден аспауы тиіс; - стоматологиялық операциядан кейін қатты ауырғанда доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.