+490 бонус

КОСОПТ БК 20мг/мл+5 мг/мл 10мл №1 капли глаз

9800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Сантен АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: 22,26 мг дорзоламид гидрохлориді (20 мг дорзоламидке баламалы) және 6,83 мг тимолол малеаты (5 мг тимололға баламалы), қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, маннитол, натрий цитраты, рН реттеуге арналған натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Бета-адреноблокаторлармен монотерапия тиімділігі жеткіліксіз болған кезде ашықбұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативтік глаукомасы бар пациенттерде жоғары көзішілік қысымды (КІҚ) емдеу кезінде көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттардың біреуіне немесе екеуіне де немесе «Қосымша мәліметтер, Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. бронх демікпесін немесе анамнезінде бронх демікпесінің барын немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруларында синустық брадикардияда, синустық түйіннің әлсіздік синдромында, синоатриялық блокадада, II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокадада, кардиостимуляция тиімді болмаған кезде, жүрек функциясының жеткіліксіздігінде, кардиогенді шокта бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз кезінде Жоғарыда аталғандар жеке-жеке белсенді компоненттер туралы деректерге негізделген және олардың біріктірілімі үшін бірегей болып табылмайды
Дозасы
Косопт® БК бір тамшыдан зақымданған көз(-дер)ге (конъюнктивалық қалта) күніне екі рет. Басқа жергілікті офтальмологиялық препаратпен пайдаланған кезде Косопт® БК және басқа препаратты кемінде он минут аралықпен енгізген жөн. Бұл препарат құрамында консерванттар жоқ стерильді ерітінді болып табылады. Пациенттерге қолданар алдында қолдарын жуу қажеттілігі туралы ескерту керек және контейнердің көзге немесе айналасындағы тіндерге тиіп кетуіне жол бермеу керек, өйткені бұл көзді жарақаттауы мүмкін (Қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Сондай-ақ, пациенттерге дұрыс қолданбаған кезде офтальмологиялық ерітінділер көздің инфекциялық ауруларын туындатуы мүмкін қарапайым бактериялармен ластануы мүмкін екенін ескерту керек. Контаминацияланған көзге тамызатын дәріні қолдану, көзді қатты зақымдауы және кейіннен көру қабілетінің жоғалуы мүмкін. Көзіңізді жұмып, саусағыңызбен көздің ішкі бұрышын шамамен екі минуттай басыңыз. Бұл препараттың дененің қалған бөліктеріне енуіне жол бермеуге көмектеседі. Көзге тамызатын дәріні тамызар алдында: Құтыны ашпас бұрын қолды жуу керек. Егер Сіз алғаш рет қолданар алдында алғашқы ашылуы бақыланатын құты тығынының сынғанын байқасаңыз, дәрілік препаратты қолданбаңыз. Құтыны алғаш рет пайдаланған кезде, препаратты көзге тамызар алдында құтыны баяу қысып, бір тамшыны шығарып көріңіз. Сіз бір уақытта бір тамшы тамыза алатындығыңызға сенімді болсаңыз, тамызуға ыңғайлы позицияны таңдауыңыз керек (отыруға, шалқадан жатуға немесе айна алдында тұруға болады). Құтыны қолдану үшін жаңа құтыны ашқан сайын, жоғарыда сипатталғандай, бір тамшыны тамызып көріңіз. ПРЕПАРАТТЫ қалай қолдануға болады: Құтыны тігінен ұстап, құтыны ашу үшін қақпағын бұраңыз. Ерітіндінің ластануын болдырмау үшін құтының ұшына қолыңызды тигізбеңіз. Басыңызды шалқайтып, құтыны көзге тақап ұстаңыз. Төменгі қабақты төменге қарай тартып, жоғарыға қарай қараңыз. Құтыны ортасынан абайлап қысып, тамшының көзге тамғанына жол беріңіз. Құтыны қысу мен тамшының ағуы арасында бірнеше секунд кідіріс болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Құтыны тым қатты қыспаңыз. Көзді жауып, саусағыңызбен көздің ішкі бұрышын 2 минут басып тұрыңыз. Бұл дәрілік препараттың организмнің қалған бөлігіне енуіне жол бермейді. Егер дәрігер тағайындаған болса, басқа көзге 2 - 4 тармақтарын қайталаңыз. Кейде тек бір көзді емдеу керек, дәрігер бұл сізге қатысты ма және қандай көзді емдеу керек екенін айтуы керек. Әрбір пайдаланғаннан кейін және қайта қолданғанға дейін құтыны тамшылатқыштың ұшытығына қолды тигізбестен, ұштықтан қалдық сұйықтықты кетіру үшін бір рет төмен қарай сілку керек. Бұл келесі тамшылардың ағуын қамтамасыз ету үшін қажет. Көздің айналасындағы терінің бетінен артық дәрі-дәрмектерді сүртіп тастаңыз. Дәрілік затты сақтаудың 2 айлық мерзімі өткеннен кейін құтыда КОСОПТ® БК көзге тамызатын дәрісінің аз мөлшері қалады. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін құтыда қалған дәрілік препаратты пайдаланып көруге болмайды. Құтыны алғаш ашқаннан кейін екі ай өткен соң көзге тамызатын дәріні қолданбаңыз. Пациенттердің ерекше топтары Балаларда қолдану Балалардағы тиімділігі анықталмаған. 2 жасқа дейінгі пациенттерде қауіпсіздігі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі туралы деректер бар. Енгізу әдісі мен жолы Пациенттер бірнеше рет қолдануға арналған құтыны дұрыс қолдану керектігі туралы хабардар болуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.