+309 бонус

КОРВИТИН 0,5 г порошок д/инъекций №1 фл

6190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие капилляростабилизирующие средства
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ПАО НПЦ «Борщаговский ХФЗ»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді заттар: кверцетин (100 % құрғақ затқа шаққанда) 0.05 г, повидон, молекулалық салмағы 7100-11000, (сусыз затқа шаққанда) 0.45 г, қосымша зат - натрий гидроксиді.
Қолданылуы
Корвитин ересектерде қолданылады - коронарлық қан айналымының жедел бұзылуы мен миокард инфарктісінде кешенді ем құрамында - қолқаның құрсақтық бөлігі мен шеткері артериялардың облитерациялайтын атеросклерозы бар науқастарда хирургиялық емдеу кезіндегі реперфузиондық синдромды емдеу және профилактикасында.
Қарсы көрсетілімдер
- артериялық гипотензия - әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - Р-дәруменді белсенділігі бар препараттарға жоғары сезімталдық
Дозасы
Жедел миокард инфарктісі кезінде кешенді емдеуде жүрек бұлшықетінің зақымданған жерлеріне жылдам әсер ету үшін Корвитин бастапқы тәулікте вена ішіне натрий хлоридінің 50 мл изотониялық ерітіндісінде ерітілген 0,5 г препарат дозасында ауруханаға жатқызылудан кейін бірден, 2 сағаттан және 12 сағаттан кейін енгізіледі. Екінші және үшінші тәулік бойы Корвитинді тәулігіне екі рет 12 сағат аралықпен 0,5 г дозада енгізеді. Төртінші және бесінші тәулікте Корвитинді натрий хлоридінің 50 мл изотониялық ерітіндісінде 0,5 г дозада тәулігіне бір рет енгізеді. 15-20 минут бойы енгізу керек. Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Қолқаның құрсақ бөлігі мен шеткері артерияларының облитерациялайтын атеросклерозы бар науқастарды хирургиялық жолмен емдеу кезінде, реперфузиондық синдромда қолқадан қысқышты алудан 10 минут бұрын натрий хлоридінің 100 мл изотониялық ерітіндісінде ерітілген 0,5 г препаратты вена ішіне енгізеді. Осыған ұқсас дозадағы кейінгі енгізуді 12 сағаттан соң қайталайды. Екінші - бесінші тәуліктерде - тәулігіне екі рет 0,5 г дозада енгізеді. 15-20 минут бойы енгізу керек. Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Енгізу әдісі мен жолы 0,9 % натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін 15 мл мөлшерде шприцпен Корвитин бар құтыға енгізіп, құтыны лиофилизацияланған ұнтақ толық ерігенге дейін сілкиді. Құтыдағы түзілген ерітіндіні 0,9 % натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі бар ыдысқа ауыстырады, физиологиялық ерітіндінің жалпы мөлшері – 50 мл. 1 г Корвитин енгізу қажет болғанда екі құтыдан бастапқы сұйылтылған препаратты 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінің ыдысына аудару керек, дайын ерітіндінің жалпы көлемі – 50-100 мл. Басқа ерітінділермен және препараттармен араластыруға болмайды! Осыған дейін басқа дәрілік заттар үшін қолданылған шприцтер мен вена ішіне енгізуге арналған жүйелерді қолдануға болмайды. Корвитин тікелей енгізер алдында сұйылтылуы керек! Еріткішті 100 мл асатын көлемде қолдануға болмайды, өйткені еріткіш көлемі артқан сайын дайындалған ерітінді тұрақтылығы азаюының ықтималды қаупі арта түседі. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Сызба бойынша Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.