+183 бонус

КОРОНИМ 5 мг №50 таб

3670 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 6.935 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы) және 13.870 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы) қосымша заттар – кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий крахмалы гликоляты (Эксплотаб), повидон (РVР К 30), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты
Қолданылуы
- артериялық гипертензия - созылмалы тұрақты стенокардия - вазоспазмдық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)
Қарсы көрсетілімдер
- амлодипинге, дигидропиридин туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр артериялық гипотензия - шок (кардиогендік шокты қоса) - жүректің сол жақ қарыншасының шығар бөлігінің обструкциясы (мысалы, қолқаның ауырлық дәрежесі жоғары стенозы) - жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересек пациенттер Артериялық гипертензия мен стенокардияда препараттың әдеттегі дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Пациенттің жеке реакциясына қарай, препарат дозасын 10 мг құрайтын ең жоғары дозасына дейін арттыруға болады. Артериялық гипертензия бар пациенттерде амлодипинді тиазидтік диуретиктер, альфа-адреноблокаторлар, бета-адреноблокаторлар немесе АӨФ тежегіштерімен біріктірілімде қолдануға болады. Стенокардия бар пациенттерде амлодипинді монотерапия ретінде де, тиісті дозаларында нитраттарға және/немесе бета-адреноблокаторларға төзімділік болғанда жүрек қыспасына қарсы басқа дәрілік заттармен біріктірілімде де қолдануға болады. Тиазидтік диуретиктерді, бета-адреноблокаторларды немесе АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда КОРОНИМ® препаратының дозасын түзету қажет емес. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Амлодипиннің әдеттегі дозаларының егде жастағы да, олардан жас пациенттерде де бірдей жағымдылығы жақсы. Егде жастағы пациенттерге препараттың әдеттегі дозалары ұсынылады, дозаны арттыру қажеттілігі болса, сақ болу керек. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін препаратты дозалау режимі бойынша ұсынымдар белгіленбеген. Сондықтан дозаны таңдау барынша ең төмен дозасынан бастап, сақтықпен жүргізілген жөн. Ауыр дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуларында амлодипин фармакокинетикасы зерттелмеген, сондықтан осындай пациенттерде амлодипинмен емдеуді ең аз болжамды дозасынан бастау және препарат дозасын баяу арттыру керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылу ауырлығының дәрежесі мен қан плазмасында амлодипин концентрациясының өзгерістері арасында өзара байланыс жоқ, сондықтан бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде препаратты әдеттегі дозаларда қолдану ұсынылады, КОРОНИМ® гемодиализ жолымен шығарылмайды. Бала және жасөспірімдік кезеңдегі пациенттер Артериялық гипертензиясы бар, 6 жас пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны емдеу үшін ұсынылатын бастапқы пероральді дозасы тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды; егер емдеуден кейін 4 апта ішінде артериялық қысымның көзделген мәніне қол жеткізілмесе, дозасын титрлеу арқылы тәулігіне бір рет 5 мг дейін арттырады. Тәулігіне 5 мг асатын дозалары бала жастағы пациенттерде зерттелген жоқ. 6 жасқа дейінгі балалар 6 жасқа толмаған балаларда қолданылуы жөнінде деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы КОРОНИМ® ішке қабылдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер жекелей белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.