+122 бонус

КОРИНФАР-ТЕВА 10 мг №100 таб

2450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нифедипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Pliva Hrvatska d.o.o
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - нифедипин 10 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, поливидон К 25, магний стеараты, қабық құрамы: метилгидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, макрогол 35000, хинолинді сары бояғыш (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), тальк
Қолданылуы
тұрақты стенокардия (кернеу стенокардиясы) - вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы, нұсқалық стенокардия) - эссенциальді артериялық гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - нифедипинге жоғары сезімталдық - дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық - кардиогенді шок аорта сағасының айқын стенозы тұрақсыз стенокардия миокард инфарктісінің жедел кезеңі (алғашқы 4 апта ішінде) миокард инфарктісінің қайталама профилактикасы үшін тағайындалмайды рифампицинді бір мезгілде қабылдау бауыр жеткіліксіздігі анамнезінде асқазан-ішектің бітелуі, өңештің бітелуі немесе асқазан-ішек жолы саңылауының диаметрі кез келген дәрежеде азайған пациенттер - дәрежелер. Кокк резервуары бар пациенттер (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома). ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы бар пациенттер.
Дозасы
Препараттың дозаларын дәрігер аурудың ауырлығына және пациенттің емдеуге жауабына сәйкес жекелей таңдайды. Тұрақты және вазоспастикалық стенокардия Орташа тәуліктік доза – 20 мг, 1 таблеткадан (10 мг) күніне 2 рет. Клиникалық әсердің айқындылығы жеткіліксіз болған кезде препараттың тәуліктік дозасын біртіндеп 40 мг-ға дейін арттыруға болады, 2 таблеткадан күніне 2 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 80 мг аспауы тиіс, 4 таблеткадан күніне 2 рет. Эссенциальді гипертензия Орташа тәуліктік доза – 20 мг, 1 таблеткадан (10 мг) күніне 2 рет. Клиникалық әсердің айқындылығы жеткіліксіз болған кезде препараттың тәуліктік дозасын біртіндеп 40 мг-ға дейін арттыруға болады, 2 таблеткадан күніне 2 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 80 мг аспауы тиіс, 4 таблеткадан күніне 2 рет. Коринфар-Тева таблеткаларын ішкеннен кейін, шайнамай және жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен ішеді. Препаратты тәулігіне екі рет тағайындағанда, қабылдаудың ұсынылатын аралығы шамамен 12 сағатты құрайды (таңертең және кешке, дұрысы бір уақытта. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Бір реттік дозаны кезекті қабылдауды өткізіп алған жағдайда, Коринфар – Тева бір реттік дозасының екі рет тұтынудың қажеті жоқ, бірақ тағайындалған сызба бойынша қабылдауды жалғастыру керек. Препарат дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату қажет болса нифедипин қабылдауды біртіндеп тоқтату керек. Белсенді заттың жарық әсеріне сезімталдығын ескере отырып, ұзақ әсер ететін таблеткаларды бөлуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда қорғағыш қабықпен кепілдендірілген жарықтан қорғау қамтамасыз етілмейді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде нифедипин дозасы төмендетілуі тиіс. Бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.