+60 бонус

КОРИНФАР РЕТАРД - ТЕВА 20 мг №30 таб

1210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нифедипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - нифедипин 20 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, поливидон К 25, магний стеараты, Қабық құрамы: метилгидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, макрогол 35000, хинолинді сары бояғыш (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), тальк
Қолданылуы
тұрақты стенокардия (кернеу стенокардиясы) - вазоспазмдық стенокардия (Принцметал стенокардиясы, нұсқалық стенокардия) - эссенциальді артериялық гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - нифедипинге жоғары сезімталдық - дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық - кардиогенді шок аорта сағасының айқын стенозы тұрақсыз стенокардия миокард инфарктісінің жедел кезеңі (алғашқы 4 апта ішінде) миокард инфарктісінің қайталама профилактикасы үшін тағайындалмайды рифампицинді бір мезгілде қабылдау бауыр жеткіліксіздігі анамнезінде асқазан-ішектің бітелуі, өңештің бітелуі немесе асқазан-ішек жолы саңылауының диаметрі кез келген дәрежеде азайған пациенттер. Кокк резервуары бар пациенттер (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома). ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы бар пациенттер.
Дозасы
Препараттың дозаларын дәрігер аурудың ауырлығына және пациенттің емдеуге жауабына сәйкес жекелей таңдайды. 1 .Тұрақты және вазоспастикалық стенокардия Ұзақ әсер ететін нифедипиннің 1 таблеткасынан тәулігіне 2 рет 20 мг. Жеткіліксіз айқын клиникалық әсер кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 40 мг нифедипинге дейін арттыруға болады 2. Эссенциальді гипертензия Ұзақ әсер ететін нифедипиннің 1 таблеткасынан тәулігіне 2 рет 20 мг. Жеткіліксіз айқын клиникалық әсер кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 40 мг нифедипинге дейін арттыруға болады. Жеке клиникалық көрініске байланысты дозаны біртіндеп арттыру керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тұрақты бақылау қажет, препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Цереброваскулярлық аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын пациенттерге препаратты төмен дозаларда тағайындау керек. Нифедипинді тамақтан кейін шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су; грейпфрут шырынын ішуге болмайды) ішкен жөн. Препаратты таңертең және кешке, жақсырақ бір уақытта, тамақтанғаннан кейін қабылдау ұсынылады. Препарат дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату қажет болса нифедипин қабылдауды біртіндеп тоқтату керек. Белсенді заттың жарық әсеріне сезімталдығын ескере отырып, ұзақ әсер ететін таблеткаларды бөлуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда қорғағыш қабықпен кепілдендірілген жарықтан қорғау қамтамасыз етілмейді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде нифедипин дозасы төмендетілуі тиіс. Бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.