+90 бонус

КОРДАРОН 200 мг №30 таб

1810 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амиодарон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Санофи-Авентис
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - амиодарон гидрохлориді 200 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон K90F, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
Қайталану профилактикасы: өмірге қатер төндіретін қарыншалық тахикардияда; емдеу стационарлық жағдайларда мұқият мониторинг өткізумен басталуы тиіс; құжатпен расталған, симптоматикалық және еңбек қабілетінен айрылуға алып келетін қарыншалық аритмияда; емге төзімді немесе емдеудің басқа түрлеріне қарсы көрсетілімдері бар пациенттердегі құжатпен расталған суправентрикулярлы тахикардия; қарыншалар фибрилляциясы. Суправентрикулярлық тахикардияны емдеу: жүрекшелер фибрилляциясының немесе дірілдеуінің баяулауы немесе қысқаруы. Амиодаронды жүректің ишемиялық ауруы және/немесе сол жақ қарынша функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
Осы дәрілік препаратты қолдану келесі жағдайларда қарсы көрсетілімді: жасанды ырғақ жетекшісі орнатылмаған пациенттердегі синустық брадикардия және жүректің синоатриальді блокадасы; жүректің жасанды ырғақ жетекшісі орнатылмаған пациенттердегі синустық түйіннің әлсіздік синдромы (синустық түйіннің тоқтап қалу қаупі); жүректің жасанды ырғақ жетекшісі орнатылмаған пациенттердегі жүрекше-қарыншалық өткізгіштіктің жоғары дәрежедегі бұзылулары; амиодарон қолданудан болатын өршу мүмкіндігіне байланысты гипертиреоз; йодқа, амиодаронға немесе қосымша заттардың біріне белгілі жоғары сезімталдық; Жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрі; бала емізу; балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; келесі дәрілік препараттармен біріктіру: «пируэт» («torsade de pointes») типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін (паразиттерге қарсы препараттардан, антипсихотиктерден және метадоннан басқа): аритмияға қарсы Iа класс дәрілері (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид); аритмияға қарсы III класс дәрілері (соталол, дофетилид, ибутилид); мышьяк қосылыстары, бепридил, цизаприд, дифеманил, в/і долазетрон, в/і эритромицин, мизоластин, моксифлоксацин, в/і спирамицин, торемифен, в/і винкамин, циталопрам, эсциталопрам, домперидон, дронедарон, левофлоксацин, меквитазин, прукалоприд сияқты басқа дәрілік препараттар. телапревир; кобицистат.
Дозасы
Жүктеме доза Әдеттегі дозалау режимі – 8-10 күн бойы тәулігіне 3 таблетка. Кейбір жағдайларда пациенттерге өте жоғары жүктеме дозалары (тәулігіне 4-тен 5 таблеткаға дейін), бірақ үнемі қысқа уақыт кезеңінде және ЭКГ бақылауымен қажет болуы мүмкін. Демеуші доза Ең төмен тиімді доза (әртүрлі пациенттерде өзгеріп отыруы мүмкін) тәулігіне ½ таблеткадан (әр 2 күн сайын 1 таблетка) тәулігіне 2 таблеткаға дейін қолданылуы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балаларға Балаларда амиодаронды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.