+308 бонус

КОРАКТИВ-ВМ р-р д/ин 5мл №10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
6170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мельдоний
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітінді құрамында белсенді зат – мельдоний дигидраты (3-(2,2,2-триметилгидразиний) пропионат дигидраты) 100 мг, қосымша зат – 1 мл дейін инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Төмендегі жағдайларда кешенді емде: жүрек және қантамыр жүйесінің ауруларында: жүктемелік тұрақты стенокардия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA IIII функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің функционалдық бұзылулары; ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары; жұмыс қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық артық жүктеме; цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттары мен энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша компоненттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ауыр бауыр және / немесе бүйрек жеткіліксіздігі (қауіпсіздік жөніндегі деректердің жеткіліксіз болуына байланысты);
Дозасы
Ересектер Тәулігіне вена ішіне 500-1000 мг тағайындалады. Тәуліктік доза бірден немесе екі бөлініп, енгізілуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы әдетте кейіннен пероральді дәрілік түрге ауыстырумен, 10-14 күнді құрайды. Жалпы емдеу курсы: 4-6 апта. Қайталанатын курстар жылына 2-3 рет жеке тағайындалады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге мельдоний дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қатысты мельдонийдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан бұл препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер мельдонийдің ең төмен дозасын алуы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер мельдонийдің ең төмен дозасын алуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді. Препараттың қоздырғыш әсері болуы ықтималдығына байланысты күннің бірінші жартысында қолдану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.