+390 бонус

КОРАКСАН 5 мг №56 таб п/о

7812 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ивабрадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Лаборатории Сервье Индастри
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 5 мг немесе 7,5 мг ивабрадин (сәйкесінше 5,390 мг немесе 8,085 мг ивабрадин гидрохлоридіне баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, мальтодекстрин, сусыз кремнийдің қостотығы, үлбірлі қабық: глицерин, гипромеллоза, темірдің сары тотығы Е172, темірдің қызыл тотығы Е172, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы Е171
Қолданылуы
Тұрақты стенокардия Синустық ырғағы қалыпты және ЖЖЖ минутына кемінде 70 рет соғатын ересек пациенттерде ЖИА кезіндегі тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеу: – бета-блокаторларды қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда немесе олардың жақпаушылығында; – бета-блокаторлардың оңтайлы дозасын қабылдаумен жай-күйі толық бақыланбайтын пациенттерде бета-блокаторлармен біріктірілімде. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі: Бета-блокаторларды қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда немесе олардың жақпаушылығында немесе бета-блокаторлармен емді қамтитын стандартты еммен біріктірілімде синустық ырғағы және ЖЖЖ минутына кемінде 75 рет соғатын пациенттерде систолалық дисфункциямен жүретін NYHA жіктеуі бойынша жүректің II-IV класты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- Белсенді затқа немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық. - Емдеу басталғанша минутына 70 рет соғудан төмен тыныш күйдегі жүректің жиырылу жиілігі. - Кардиогенді шок - Жедел миокард инфарктісі - Ауыр гипотензия ( 90/50 мм сын.бағ.) - Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - Синустық түйіннің әлсіздік синдромы - Синоатриальді блокада - Тұрақсыз немесе жедел жүрек жеткіліксіздігі - Электрокардиостимуляторға тәуелділік (жүрек ырғағы тек қана электрокардиостимулятормен берілсе) - Тұрақсыз стенокардия - ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада - Зеңге қарсы азол препараттары (кетоконазол, итраконазол), макролидті антибиотиктер (кларитромицин, ішуге арналған эритромицин, джозамицин, телитромицин) сияқты Р450 3А4 цитохромының күшті тежегіштерімен, АИТВ-протеаза тежегіштерімен (нелфинавир, ритонавир) және нефазодонмен біріктірілген ем. - ЖЖЖ төмендететін CYP3A4 орташа тежегіштері болып табылатын верапамилмен немесе дилтиаземмен біріктіру. - Жүктілік, бала емізу және контрацепцияның тиімді құралдарын қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдер. - 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Таблеткаларды күніне екі рет ішу арқылы, яғни тамақтану кезінде таңертең және кешкілік бір таблеткадан қабылдау керек. Созылмалы тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеу ЖЖЖ сериялық өлшеулері, ЭКГ немесе амбулаторлық 24-сағаттық мониторинг өткізілген жағдайларда емдеуді бастау немесе титрлеу шешімін қабылдауға кеңес беріледі. Ивабрадиннің бастапқы ұсынылатын дозасы 75 жасқа толмаған пациенттерде күніне екі рет 5 мг-ден асырылмауы тиіс. Емнің 3-4 аптасынан кейін, егер пациентте симптомдар әлі де сақталса, егер бастапқы доза жағымдылығы жақсы болса және тыныштықтағы ЖЖЖ минутына 60 реттен жоғары күйде қалса, тәулігіне екі рет 2,5 мг немесе тәулігіне екі рет 5 мг қабылдайтын пациенттерге дозаны келесі белгіге дейін арттыруға болады. Демеуші доза тәулігіне екі рет 7,5 мг-ден аспауы тиіс. Егер стенокардия симптомдары емдеу басталған соң 3 ай ішінде жақсармаса, ивабрадин қабылдауды тоқтату керек. Бұдан бөлек, егер симптоматикалық жауап аз ғана болса немесе тыныш күйдегі ЖЖЖ клиникалық мәнді төмендеуі үш ай ішінде басталмаса, емдеуді тоқтатуды ойластыру керек. Егер емделу кезінде тыныш күйде жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 рет соғудан (соғу/мин) аспаса немесе егер пациентте бас айналу, шаршау немесе гипотензия сияқты брадикардиямен байланысты симптомдар байқалса, доза азаю жағына қарай, қажет болса, күніне екі рет ең төмен 2,5 мг дозаға дейін (күніне екі рет 5 мг таблетканың жартысы) титрленуі тиіс. Дозаны азайтудан соң жүректің жиырылу жиілігін қадағалау керек. Егер жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 рет соғудан төмен күйде қалса немесе брадикардия симптомдары дозаны азайтуға қарамастан басылмаса, емдеуді тоқтату керек. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу Ивабрадиннің әдеттегі бастапқы ұсынылатын дозасы күніне екі рет 5 мг құрайды. Егер тыныш күйдегі ЖЖЖ минутына 60 рет соғудан төмен екпінмен азаймаса, екі апта емделуден кейін дозаны аптасына екі рет 7,5 мг дейін арттыруға болады; егер тыныш күйдегі ЖЖЖ минутына 50 айналымнан жоғары екпінмен көтерілмесе немесе бас айналу, шаршау немесе гипотензия сияқты қатарлас брадикардия симптомдары болса, дозаны күніне екі рет 2,5 мг дейін (күніне екі рет 5 мг таблетканың жартысы) азайтуға болады. Егер ЖЖЖ минутына 50 реттен бастап, 60 ретке дейін соғуды құраса, күніне екі рет 5 мг доза өзгеріссіз күйде қалады. Егер емделу кезінде тыныш күйдегі ЖЖЖ минутына 50 рет соғудан жоғары көтерілмесе немесе егер пациентте брадикардиямен байланысты симптомдар байқалса, онда күніне екі рет 7,5 мг немесе күніне екі рет 5 мг қабылдайтын пациенттерде доза азаю жағына қарай бір қадам титрленуі тиіс. Егер тыныш күйдегі ЖЖЖ минутына 60 реттен көп соғу деңгейінде тұрақтаса, күніне екі рет 2,5 мг немесе күніне екі рет 5 мг қабылдайтын пациенттерде дозаны көбейту жағына қарай бір қадам титрлеуге болады. Егер ЖЖЖ минутына 50 рет соғудан төмен күйде қалса немесе брадикардия симптомдары басылмаса, емдеуді тоқтату керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Қауымдардың жекелеген санаттары Егде жастағы пациенттер 75 жастағы және одан асқан пациенттерге төменірек дозасын тағайындау керек (күніне екі рет 2,5 мг, яғни күніне екі рет 5 мг таблетканың бір жартысын), қажет болса, дозаны көбейту жағына қарай титрлеуге болады. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек жеткіліксіздігімен және креатинин клиренсі минутына 15 мл артық пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі минутына 15 мл төмен пациенттер туралы деректер жоқ, сондықтан ивабрадин осы топ пациенттеріне тағайындалғанда сақ болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі орташа пациенттерге ивабрадин тағайындалғанда сақ болу керек. Ивабрадинді бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге тағайындау қарсы көрсетілімді, өйткені осы қауымның қатысуымен зерттеу жүргізілмеген және оны қабылдау жүйелі экспозицияның күрт ұлғаюын туындатуы мүмкін. Педиатриялық қауым Ивабрадиннің 18 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі соңына дейін зерттелмеген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.