+295 бонус

КОНТРОЛОК 40 мг №28 таб

5900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Такеда ГмбХ Ораниенбург
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - натрий пантопразолы сесквигидраты 45,10 мг (40,00 мг пантопразолға баламалы), қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, маннитол, кросповидон, повидон К90, кальций стеараты, тазартылған су*** қабығының құрамы: гипромеллоза 2910, повидон К25, титанның қостотығы (E171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), пропиленгликоль (E1520), тазартылған су *** ішекте еритін қабығының құрамы: метакрил қышқылы және этакрилат сополимері (1:1) 30% дисперсия**, триэтилцитрат, тазартылған су *** қоңыр сия құрамы Opacode S-1-16530: изопропил спирті ***, жалтыр шеллак 45%, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172), пропиленгликоль, n-бутил спирті ***, концентрацияланған аммиак ерітіндісі. * - қолданыстағы басылым; ** - дисперсия құрамы: метакрил қышқылы және этакрилат сополимері - 14.13 мг, натрий лаурилсульфаты – 0.10 мг, полисорбат 80 – 0.33 мг; *** - өндіріс кезінде жойылады.
Қолданылуы
Контролок ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерде қолданылады: рефлюкс-эзофагитті емдеуде. Контролок ересектер үшін: H. pylori инфекциясымен байланысты ойық жарасы бар пациенттерде тиісті антибиотиктер емімен біріктірілімде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациялауда асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуде. Золлингер-Эллисон синдромын және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жай-күйлерді емдеуде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, орын басқан бензимидазолдарға, немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Рефлюкс-эзофагит Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 1 таблеткадан тағайындайды, қажет болған жағдайда дозаны күніне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ұсынылатын емдеу курсы 4 апта, қажет болған жағдайда емдеуді 4 аптаға дейін ұзартуға болады. Ересектер Helicobacter pylori эрадикациясы Келесі біріктірілімдер ұсынылады: 1. Контролок 40 мг-ден тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг-ден тәулігіне 2 рет + кларитромицин 500 мг-ден тәулігіне 2 рет 2. Контролок 40 мг-ден тәулігіне 2 рет + метронидазол 400-500 мг-ден тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин 250-500 мг-ден тәулігіне 2 рет 3. Контролок 40 мг - ден тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг-ден тәулігіне 2 рет + метронидазол 400-500 мг-ден тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем жағдайында, екінші таблетка кешкі ас ішкенге дейін 1 сағат бұрын қолданылуы тиіс. Біріктірілген ем 7 күн бойы жүргізіледі және тағы 7 күн жалғасуы мүмкін (жалпы емдеу ұзақтығы 2 аптаға дейін). Бұдан әрі емдеу он екі елі ішектің және асқазанның ойық жарасы кезінде препаратты дозалау жөніндегі ұсынымдарды қарағаннан кейін болуы мүмкін. H. pylori теріс нәтижесі бар пациенттерде Контролокпен монотерапия кезінде келесі дозалар пайдаланылуы мүмкін: Асқазанның ойық жара ауруын емдеу Тәулігіне 40 мг-ден, кейбір жағдайларда, соның ішінде ем тиімсіз болған жағдайда тәулігіне 80 мг-ден Контролокты тағайындауға болады. 4 апта емдеу курсы асқазанның ойық жарасын емдеу үшін қажет. Егер бұл жеткіліксіз болса, жақсаруға, әдетте, келесі 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу Тәулігіне 40 мг-ден, кейбір жағдайларда, соның ішінде емнің тиімсіздігі кезінде тәулігіне 80 мг-ден Контролокты тағайындауға болады, онда жақсаруға әдетте келесі 2 апта ішінде қол жеткізуге болады. Егер 2 апта емдеу жеткіліксіз болса, жақсаруға барлық жағдайларда келесі 2 апта ішінде қол жеткізіледі. Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық гиперсекрециялық жай-күйлер Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекрекрециялық жай-күйлерді ұзақ емдеу үшін емдеуді 80 мг тәуліктік дозадан (40 мг-ден 2 таблетка Контролок) бастаған жөн. Содан кейін, қажет болған жағдайда, дозаны асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты арттыруға немесе азайтуға болады. Күніне 80 мг-ден жоғары дозаларды бөлу және күніне екі рет қолдану керек. Пантопразол дозасы 160 мг-ден артық уақытша жоғарылатылуы мүмкін, бірақ ол қышқылдықты бақылауға қол жеткізу үшін талап етілгеннен ұзаққа созылмауы тиіс. Золлингер-Эллисон синдромы кезінде және басқа патологиялық гиперсекрециялық жағдайларда емдеу ұзақтығы шектелмеген және емдеу мерзімі клиникалық қажеттілікке байланысты анықталуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы күніне 20 мг аспауы тиіс (пантопразолдың 1 таблеткасы 20 мг). Контролок препаратын H.pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген емдеу кезінде бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерде пайдалануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде Контролоктың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Контролок препаратын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде H. pylori. эрадикациясы мақсатында біріктіріп емдеу кезінде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде Контролоктың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде адамдарға дозаны түзету қажет емес. Балалар Контролокты 12 жасқа толмаған балаларда қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер аз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.