+87 бонус

КОНКОР КОР 2,5 мг №30 таб Бисопролол

1750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: ООО Мерк
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 2.5 мг бисопролол фумараты қосымша заттар: Ядросы: сусыз кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, ұсақ ұнтақ, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты Үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910/15, макрогол 400, диметикон 100, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
- сол жақ қарыншаның систолалық функциясы төмендеген тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу, ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштері (АӨФт) мен диуретиктерге және опциональді түрде, жүрек гликозидтеріне қосымша ретінде
Қарсы көрсетілімдер
Конкор® Кор препараты келесі аурулары бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілген: бисопрололға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотропты ем жүргізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы эпизодтары кезінде кардиогендік шок екінші немесе үшінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада синустық түйін әлсіздігі синдромы синоатриальді блокада симптоматикалық брадикардия симптоматикалық гипотензия ауыр бронх демікпесі артериялардың шеткері окклюзиялық зақымдануларының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Дозалану режимі СЖЖ (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) стандартты емі АӨФт (немесе, АӨФт көтере алмаған жағдайда, ангиотензинге блокатор рецепторлары), бета-блокатор, диуретиктер, қажет болған жағдайда, жүрек гликозидтерінен тұрады. Бисопролмен емдеуді бастағанда пациенттердің жағдайы тұрақты болуы керек (жедел жүрек жеткіліксіздігінсіз). Емдеуші дәрігердің СЖЖ пациенттерді емдеуде тәжірибесі болғаны жөн. Дозалары Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуді Конкор® Кор препаратымен бастау міндетті түрде арнайы титрлеу фазасын жүргізуді талап етеді. Конкор® Кор препаратымен созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу төмендегі дозаны біртіндеп титрлеу сызбасына сәйкес басталады. Пациенттің тағайындалған дозаны қаншалықты жақсы көтере алуына қарай жекеше дағдылану талап етілуі мүмкін, яғни алдыңғы дозаны жақсы көтере алған жағдайда ғана дозаны арттыруға болады. 1 апта 1,25 мг бисопролол фумараты (2.5 мг Конкор® Кор 1/2 таблетка) күн сайын күніне бір рет 2 апта 2.5 мг бисопролол фумараты (2.5 мг Конкор® Кор 1 таблетка) күн сайын күніне бір рет 3 апта 3,75 мг бисопролол фумараты (2.5 мг Конкор® Кор 1,5 таблетка) күн сайын күніне бір рет 4-7 апта 5 мг бисопролол фумараты күн сайын күніне бір рет* 8-11 апта 7,5 мг бисопролол фумараты күн сайын күніне бір рет* 12 апта және одан кейін 10 мг бисопролол фумараты күн сайын күніне бір рет демеуші ем ретінде * Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін бастапқы емдеуге 2.5 мг Конкор® Кор жарамды. Бисопролол фумаратының ұсынылатын ең жоғарғы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Титрлеу фазасы кезінде және одан кейін жүрек жеткіліксіздігінің уақытша нашарлауы, гипотензия немесе брадикардия байқалуы мүмкін. Сондықтан тіршілік қабілетінің көрсеткіштерін (қан қысымы, ЖЖЖ) және жүрек жеткіліксіздігінің өршуінің симптомдарын мұқият бақылау керек. Симптомдар ем басталуының бірінші күні-ақ пайда болуы мүмкін. Емдеу модификациясы Егер титрлеу фазасы кезінде немесе одан кейін жүрек жеткіліксіздігінің уақытша нашарлауы байқалса, гипотензия немесе брадикардия дамыса, қатарлас препараттың дозалануын қайта қарау ұсынылады. Сондай-ақ, бисопролол дозалануын уақытша азайту немесе емдеуді тоқтата тұру қажет болады. Пациенттің жағдайы тұрақтанғаннан кейін қайта титрлеуді жүргізген немесе емдеуді жалғастырған жөн. Барлық көрсетілімдер үшін емдеу ұзақтығы Конкор® Кор препаратымен емдеу әдетте ұзаққа созылады. Емдеуді күрт тоқтату және дәрігермен кеңеспей, ұсынылған дозаны өзгерту ұсынылмайды, өйткені бұл жүрек жағдайының уақытша нашарлауына әкеп соқтырады. Әсіресе, ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттерде емді күрт тоқтатуға болмайды. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, доза біртіндеп азайтылуы тиіс. Емдеуді бастағанда және Конкор® Кор препаратын қабылдауды тоқтатқанда пациенттерді мұқият мониторингілеу керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және қатарлас бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бисопрололдың фармакокинетикасы бойынша қосымша деректер жоқ. Пациенттердің осы тобында дозаны титрлеуді ерекше сақтықпен жүргізу керек. Егде жастағы пациенттер Дозаны реттеу қажет емес. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Конкор® Кор препаратын тамақ ішуге байланыссыз таңертең қабылдау керек. Таблетканы сұйықтықтың аздаған мөлшерін іше отырып, қабылдау керек. Таблетканы шайнауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.