+170 бонус

КОНКОР 10 мг №50 таб

3410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: ООО Мерк
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг бисопролол фумараты қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты. үлбірлі қабығы: гипромеллоза 2910/15, макрогол 400, диметикон 100, темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171). 10 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10 мг бисопролол фумараты қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты. үлбірлі қабығы: гипромеллоза 2910/15, макрогол 400, диметикон 100, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)
Қарсы көрсетілімдер
бисопрололға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне енгізетін инотроптық емді қажет ететін, жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы кардиогендік шок II және III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада (электрокардиостимуляторсыз) синустық түйін әлсіздігі синдромы синоатриальді блокада симптоматикалық брадикардия симптоматикалық гипотензия ауыр бронх демікпесі шеткері артериялар обтурацияланған аурудың кешеуілдеген сатылары немесе Рейно ауруы емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ) жүктілік кезеңі және бала емізу
Дозасы
Дозалау Емдеу негізінен біртіндеп, аз дозалардан басталуы тиіс, олар содан кейін арттырылады. Барлық жағдайларда доза, тамырдың соғу жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, әр адамға жекелей таңдап алынуы тиіс. Артериялық гипертензияны емдеу Конкор® препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. Гипертонияның жеңіл түрлерінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм с.б. дейін) күніне бір рет 2,5 мг дозамен емдеу жеткілікті болуы мүмкін. Қажет болғанда, дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны әрі қарай арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс. Конкор® препаратының ұсынылатын ең жоғары дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) Конкор® препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. Қажет болғанда, дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны әрі қарай арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс. Конкор® препаратының ұсынылатын ең жоғары дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Бауыр немесе бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде дозалау режимін түзету, әдеттегідей, қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) науқастар және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды. Диализдегі пациенттерде Конкор® препаратын пайдаланудың тек шектеулі ғана тәжірибесі бар, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін көрсетпейді. Егде жастағы адамдар Дозаны түзету қажет емес. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектелмеген және аурудың барысы мен ауырлығына байланысты. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде Конкор® препаратымен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулығының жедел нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Егер емдеуді тоқтату қажет болса, доза біртіндеп тоқтатылуы тиіс (мысалы, дозаны аптасына бір рет екі есе азайту арқылы). Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Таблетканы таңертеңгі тамаққа дейін, тамақтану кезінде немесе одан кейін аздаған мөлшерлі сұйықтықпен, шайнамай қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.