+149 бонус

КОНАРЕКС 150 мг №2 капс

2980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: WELFAR HEALTHCARE LIMITED
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - флуконазол 150 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы,  магний стеараты,  натрий лаурилсульфаты, капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы Е 171, хинолинді сары  Е 104, күн батар түстес сары Е 110, желатин.
Қолданылуы
криптококкты менингит кокцидиоидомикоз инвазиялық кандидоз ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің шырышты қабықтарын қоса, шырышты қабықтар кандидозы, кандидуриялар және тері мен шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы ауыз қуысы гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кездегі ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін тағумен байланысты) жергілікті ем қолданылмайтын кездегі жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз жергілікті ем қолданылмайтын кандидозды баланит дерматомикоздар, оның ішінде табан дерматофитиясы (tinea pedis), тегіс тері дерматофитиясы (tinea corporis), шап дерматофитиясы (tinea cruris), кебек тәрізді теміреткі (tinea versicolor) және терінің кандидозды инфекциялары, жүйелі емдеу қажет болса басқа препараттармен емдеуге болмайтын тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) қайталанудың даму қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталануының профилактикасы Қайталанудың даму қаупі жоғары АИТВ инфекцияланған пациенттерде ауыз қуысының, жұтқыншақтың немесе өңештің шырышты қабығының кандидозының профилактикасы жиілігін азайту (жылына 4 немесе одан көп көріністер) үшін қынаптық кандидоздың қайталануларының профилактикасы ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттерде (мысалы, химиялық емнен өткен гемотологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалған пациенттерде) кандидозды инфекциялардың профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
флуконазолға, флуконазолға ұқсас құрылымы бар азолдық заттарға немесе препараттың қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық Конарексті тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин сияқты CYP3A4 изоферментінің көмегімен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолдану Конарекс капсуласының құрамында лактоза болғандықтан, галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Емді өсірінділерді егу және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады. Алайда, осы зерттеулердің нәтижелері белгілі болған кезде инфекцияға қарсы емді тиісті түрде өзгерту қажет. Зеңге қарсы дәрілерді тиісінше пайдалануға қатысты ресми басшылыққа алынатын қағидаттарды назарға алу қажет. Конарекстің тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына байланысты. Флуконазолды қайталап қабылдау қажет болатын инфекцияларда емдеуді белсенді зеңдік инфекцияның клиникалық немесе зертханалық белгілерінің жоғалуына дейін жалғастырған жөн. Емдеу кезеңінің жеткіліксіздігі зеңдік инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін. Криптококкты менингит Бірінші күні әдетте 400 мг тағайындалады, артынан емдеуді тәулігіне 200-400 мг дозада, ең болмағанда, 6-8 апта жалғастырады, өмірге қатерлі жағдайда тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады. Қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем. Емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне 200 мг тағайындайды. Кокцидиоидомикоз Тәулігіне 200-400 мг; емдеу курсы пациенттің жағдайына байланысты 11-24 ай немесе одан да көп; инфекцияның кейбір түрлерін, әсіресе менингит кезінде емдеу үшін препаратты тәулігіне 800 мг дозада қолдану орынды болуы мүмкін. Инвазиялық кандидоз Бірінші күні әдетте 800 мг тағайындалады, артынан емдеуді тәулігіне 400  мг дозада жалғастырады; кандидемияны емдеу ұзақтығы қан өсіріндісінің алғашқы теріс нәтижелерінен кейін және кандидемияның белгілері мен симптомдары басылған соң 2 аптаға созылады. Шырышты қабықтардың кандидозы Ауыз қуысының, жұтқыншақтың шырышты қабықтар кандидозында  бірінші күні әдетте 200-400 мг тағайындалады, ал артынан емдеуді тәулігіне 100-200 мг дозада жалғастырады; емдеу ұзақтығы 7-21 күнге созылады (ремиссияға жетуге дейін), ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін барынша ұзақ ем жүргізуге болады. Өңеш кандидозында бірінші күні әдетте 200-400 мг тағайындалады, ал артынан емдеуді тәулігіне 100-200 мг дозада жалғастырады, емдеу ұзақтығы 14-30 күнге созылады (ремиссияға жетуге дейін); ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін барынша ұзақ ем жүргізуге болады. Кандидурия кезінде тәулігіне 200-400 мг тағайындалады; емдеу ұзақтығы 7- 21 күн күнге созылады; ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін барынша ұзақ ем жүргізуге болады. Терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозында тәулігіне 50-100 мг тағайындалады; емдеу ұзақтығы 28 күнге дейін созылады, бірақ инфекцияның түрі мен ауырлығына қарай немесе иммундық жүйе функциясының бұзылуында ұзартуға болады. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кездегі ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында (тіс протездерін тағумен байланысты) тәулігіне 50 мг тағайындалады; емдеу курсы 14 күнге созылады. Қайталанудың даму қаупі жоғары АИТВ инфекцияланған пациенттерде ауыз қуысының, жұтқыншақтың немесе өңештің шырышты қабығының кандидозының профилактикасы Ауыр иммундық тапшылығы бар пациенттер үшін емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг тағайындалады. Гениталий кандидозы Қынап кандидозында (жергілікті ем қолдануға болмайтын кездегі жедел немесе қайталамалы) бір реттік 150 мг дозада тағайындалады. Кандидозды баланитте (жергілікті ем қолдануға болмайтын) бір реттік 150 мг дозада тағайындалады. Қынап кандидозының қайталануларының (жылына 4 немесе одан да көп көріністер) жиілігін төмендетуге арналған профилактика: Әрбір үшінші күні 150 мг (1-, 4- және 7-күн), яғни жалпы пациент үш доза алады, содан кейін аптасына 1 рет 150  мг демеуші емге ауысады; демеуші емге арналған емдеу курсы 6 айға созылады. Дерматомикоз Табан дерматофитиясы (tinea pedis), тегіс тері дерматофитиясы (tinea corporis), шап дерматофитиясы (tinea cruris) және терінің кандидозды инфекцияларында, жүйелі емдеу қажет болғанда аптасына 1 рет 150 мг немесе тәулігіне 1 рет 50 мг тағайындалады; емдеу ұзақтығы 2-4 аптаға созылады, бірақ табан дерматофитиясын (tinea pedis) емдеу үшін 6 аптаға дейін қажет болуы мүмкін. Кебек тәрізді теміреткіде (tinea versicolor) аптасына бір рет 300-400 мг тағайындалады; емдеу курсы 1-3 аптаны немесе күніне 1 рет 50 мг құрайды; емдеу курсы 2-4 аптаны құрайды. Басқа препараттармен емдеуге болмайтын тырнақ дерматофитиясында (онихомикоз) аптасына бір рет 150 мг тағайындалады; емдеу курсы зақымданған тырнақтың сау тырнақпен толық алмасуына дейін; әдетте бұл процесс 3-6 айға созылады, аяқ башпайлары тырнақтарының зақымдануында 6-12 ай бойы; тырнақтардың  өсу жылдамдығы әркімде өте өзгеше және пациенттің жасына байланысты; созылмалы тырнақ инфекциясы жазылған соң тырнақ пластиналарының деформациясы сақталуы мүмкін. Ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде (химиялық емнен өткен гемобластоздары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидозды инфекциялардың профилактикасы Тәулігіне 200-400 мг тағайындайды; емдеуді күтілетін нейтропения басталғанға дейін бірнеше күн бұрын бастаған және нейтропениядан қалпына келгеннен кейін нейтрофилдер саны мм3-ге 1000 жасушадан жоғары көтерілгенге дейін 7 күн бойы жалғастырған жөн Егде жастағы пациенттер Дозаны бүйрек функциясын ескере отырып түзету керек; бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілері болмаған жағдайда препарат әдеттегі дозада тағайындалады. Бүйрек жеткіліксіздігі Бір рет қабылдаған кезде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде флуконазолды көп рет қолдану қажет болған кезде бастапқы доза тиісті көрсеткіш үшін ұсынылатын тәуліктік дозаға байланысты 50-400 мг құрайды. Содан кейін Конарекстің тәуліктік дозасы (көрсетілімге байланысты) келесі кестеге сәйкес анықталады: Креатинин клиренсі (мл/мин) Ұсынылатын дозаның пайызы >50 ≤50 (диализсіз) Тұрақты диализ 100% 50% Әр диализден кейін 100% Тұрақты диализдегі пациенттерге әрбір сеанстан кейін препаратты ұсынылған дозада 100% қабылдау қажет; диализ болмаған күндері пациенттерге креатинин клиренсінің шамасына байланысты препараттың аз дозасын қабылдау керек. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде флуконазолды қолдану жөніндегі ақпарат жеткіліксіз, бауыр дисфункциясы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.