+123 бонус

КОМБИНИЛ-ДУО 5 мл ушн/глаз капли

2460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сентисс Фарма Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 3,0 мг ципрофлоксацинге баламалы ципрофлоксацин гидрохлориді, 1,0 мг дексаметазон қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, гидроксипропилбетациклодекстрин, маннитол, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Комбинил-Дуо дәрілік препараты ципрофлоксацинге сезімтал бактериялардың штаммдарынан туындаған келесі инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылады: Ересектердегі және 8 жастан асқан балалардағы көз бен оның қосалқы қойнауларының бактериялық қабыну аурулары - көздің мөлдір қабығының ойық жарасы - көздің беткейлік инфекциялары - жедел және жеделге жуық конъюнктивит - кератит - алдыңғы увеит - блефарит және қабақтың басқа қабыну аурулары - көз бен оның қосалқы қойнауларының жарақатынан кейін және көз алмасына жасалған операциялар кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасында және емдеуде. Ересектер мен балалардағы құлақтың бактериялық қабыну аурулары - тимпаностомиялық түтігі бар пациенттердегі ортаңғы жедел отит (ОЖОТ) - жедел сыртқы отит (ЖСО). Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарға көңіл бөлген жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- ципрофлоксацинге, басқа хинолондарға, дексаметазонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - вирустық инфекциялар (мысалы, желшешек, қарапайым герпес) - құлақтың зеңдік инфекциялары - 8 жасқа дейінгі балалар (офтальмологияда қолданған кезде)
Дозасы
Жергілікті офтальмологиялық қолдану Ересектер және 8 жастан асқан балалар Көздің мөлдір қабығының ойық жарасы Препаратты келесі уақыт аралықтары арқылы, тіпті түнгі уақытта да енгізу керек. Алғашқы тәулікте зақымданған көзге алғашқы 6 сағаттың ішінде 2 тамшыдан әр 15 минут сайын, содан соң күннің қалған уақытында зақымданған көзге 2 тамшыдан әр 30 минут сайын тамызады. Екінші тәулікте зақымданған көзге сағат сайын 2 тамшыдан тамызады. Үшіншіден бастап он төртінші күнге дейін зақымданған көзге 2 тамшыдан әр 4 сағат сайын тамызады. Егер пациент 14 күннен артық емдеуді қажет ететін болса, дозалану режимі емдеуші дәрігердің қалауы бойынша белгіленеді. Көздің беткейлік инфекциялары Әдеттегі доза зақымданған көзге (көздерге) күніне 4 рет 1-2 тамшыны құрайды. Ауыр инфекцияларда, дозалануы алғашқы екі күн ішінде сергек жүрген кезеңде әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыны құрауы мүмкін. Көз бен оның қосалқы қойнауларының бактериялық қабыну аурулары: 1-2 тамшысын конъюнктивалық қалтасына әр төрт-алты сағат сайын тамызады. Алғашқы 24-48 сағатта инстилляциялар әр екі сағат сайын жүргізілуі тиіс Емдеу курсы: - жедел бактериялық конъюнктивиттерде, блефариттерде – 5 күннен 14 күнге дейін - кератиттерде – 2-4 апта - көз алмасы перфорациясымен жасалатын хирургиялық араласулардан кейінгі қабыну ауруларының профилактикасында – 5 күннен 1 айға дейін. Егер препарат 10 күннен артық пайдаланылса, пациенттің көзішілік қысымына мониторинг жүргізу керек. Кез келген көрсетілім үшін емнің 21 күндік ең жоғары ұзақтығы ұсынылады. Балалар 8 жастан асқан балалар үшін офтальмологиялық қолдану кезіндегі дозалануы ересектердегімен бірдей. Препараттың құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты, 8 жасқа толмаған балаларда қолдануға болмайды. Жергілікті отиттік қолдану Ересектер мен балалар Тимпаностомиялық түтігі бар пациенттердегі жедел ортаңғы отит Инстилляция жөніндегі нұсқаулыққа қарай 4 тамшыны зақымдалған құлаққа күніне 2 рет 7 күн бойы тамызады. Жедел сыртқы отит 4 тамшыны зақымдалған құлаққа күніне 2 рет 7 күн бойы тамызады. Тимпаностомиялық түтігі бар пациенттерде жедел ортаңғы отитті емдеу үшін 6 ай және одан үлкен жастағы балаларда және жедел сыртқы отит кезінде 1 және одан үлкен жастағы балаларда препаратты қолданудың қауіпсіз және тиімді екендігі расталған. Комбинил-Дуо препаратын балаларда ересектердегідей дозада қолдануға болады Егде жастағы пациенттер Ересектер мен егде жастағы пациенттер арасында қауіпсіздік пен тиімділікте ешқандай айырмашылық байқалмады. Дозаны түзету қажет емес. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі (жеңілден орташаға дейін) жүйелі енгізгеннен кейін ципрофлоксацин немесе дексаметазон фармакокинетикасына әсер етпейді. Комбинил-Дуо препаратын көзге немесе құлаққа тамызатын дәрі түрінде жергілікті қолданғаннан кейін бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасында ципрофлоксацин және дексаметазон концентрациясының елеусіз артуы мүмкін. Қан плазмасындағы ципрофлоксацин немесе дексаметазон деңгейі жергілікті қолданудан кейін елеусіз және ұсынылған дозаны қолданғанда жағымдылығы жақсы болғандықтан, бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Комбинил-Дуо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Көз және құлаққа тек жергілікті қолдану үшін. Жергілікті офтальмологиялық қолдану Құты ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін пипетканың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек. Қолданғаннан кейін құтыны тығыз жабу керек. Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы жолының окклюзиясы немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл офтальмологиялық қолдану кезінде жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді. Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданғанда, тамызулар арасындағы кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет. Ең соңында көз жақпамайларын жағу керек. Жергілікті отиттік қолдану Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Суық препаратты тамызу нәтижесінде пайда болатын бас айналуды болдырмау үшін тамшылатқыш құтыны қолда бірнеше минут ұстау қажет. Пациент ауыратын құлағын жоғары қаратып жатуы керек, содан кейін тамшыларды құлақ ойығын тартып ұстап тамызу керек. Тимпаностомиялық түтіктері бар жедел отитпен ауыратын пациенттерде тамшылардың ортаңғы құлаққа енуін жеңілдету үшін ішке қарай итеріп, құлақ бүртігіне 5 рет бағыттап айдау керек. Пациент препараттың тамшылары құлаққа жақсы баруы үшін ауыратын құлақты жоғары қаратып шамамен 5 минут жатуы керек. Басқа құлағы үшін де осы қажет болса, сол емшараны қайталаңыз. Тамшылатқыш құтының ұшының ластануын болдырмау және бактериялық қауіпті азайту үшін сақ болыңыз, құлақ ойығына, сыртқы құлақ өтісіне және айналасындағы орындарға немесе басқа беткейлерге тамшылатқыш құтының ұштығын тигізбеңіз. Егер құты пайдаланылмаса, емдеу курсы аяқталғанға дейін оны тығыз жабық ұстау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.