+249 бонус

КОКАРНИТ №3 амп с раст Комплекс

4990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Витамины группы B, в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Египет
  • Өндіруші: Е.И.П.И.Ко
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құты препараттың құрамында белсенді заттар: кокарбоксилаза хлориді 50.0 мг, никотинамид 20.0 мг, динатрий аденозинтрифосфат тригидраты 10.0 мг, цианокобаламин 0.5 мг, қосымша заттар: глицин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су*. * - дайын өнімде жоқ Бір ампула еріткіштің құрамында белсенді зат – лидокаин гидрохлориді 10.0 мг, қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кокарнит препараты ересектерде келесі аурулар мен жағдайларды кешенді емдеу құрамында қолдануға арналған: невриттер, нейропатиялар (оның ішінде қант диабеті кезінде) шығу тегі әртүрлі невралгиялар миалгия, ишиалгия люмбаго, радикулит бурситтер, тендиниттер жүректің ишемиялық ауруы (Нью-Йорк кардиология қауымдастығы (NYHA) жүйесі бойынша I-II функционалдық класы), миокардиттер, миокардиопатиялар.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүрек-қантамыр аурулары (жүректің жедел жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі, бақыланбайтын артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, брадиаритмияның ауыр түрлері, II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (AV-блокада), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III-IV функционалдық класс), кардиогенді шок және шоктың басқа түрлері, QT аралығының ұзару синдромы, тромбоэмболия, геморрагиялық инсульт) өкпенің қабыну аурулары, бронх-өкпе жүйесінің созылмалы обструкциялық аурулары, бронх демікпесі гиперкоагуляция (оның ішінде жедел тромбоздар кезінде), эритремия, эритроцитоз өршу кезеңіндегі асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы подагра гепатит, бауыр циррозы псориаз жүктілік және бала емізу кезеңі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Еріткіш (0.5% лидокаин гидрохлориді ерітіндісі) үшін қосымша: амид типті басқа жергілікті анестетиктерге жоғары сезімталдық синусты түйіннің әлсіздік синдромы Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы Адамс-Стокс синдромы функционалдық класы жоғары (NYHA бойынша III-IV функционалдық класс) жүктемелік стенокардия анамнезінде лидокаин гидрохлоридін енгізумен байланысты эпилепсия түріндегі құрысулардың болуы миастения гиповолемия порфирия бүйректің ауыр жеткіліксіздігі.
Дозасы
Препаратты бұлшықет ішіне тәулігіне бір рет 1-2 құты еріген лиофилизаттан енгізеді. Емдеу ұзақтығы және қайталанатын курстар аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты және оны дәрігер жеке анықтайды. Айқындалған ауырсыну синдромы жағдайында диабеттік полинейропатияны емдеу кезінде жедел симптомдар басылғанға дейін тәулігіне 2 мл (1 құты) бұлшықет ішіне енгізуден бастаған жөн. Қолдану ұзақтығы - 9 күн. Симптомдар жақсарғаннан кейін немесе полинейропатияның орташа айқын симптомдары жағдайында 2-3 апта ішінде аптасына 2-3 рет 2 мл (1 құты) тағайындалады. Ұсынылатын емдеу курсы аурудың ауырлығына байланысты 3-тен 9-ға дейін инъекцияны құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда препаратты қолданған кезде дозаны түзету қажет емес. Балалар Балаларда дәрілік затты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан оны пациенттердің осы санатында қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді (бөксе бұлшықетіне). Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні тікелей пайдаланар алдында бір құтының ішіндегі лиофилизатты 2 мл еріткіште еріту арқылы дайындайды. Еріткіш ретінде жиынтыққа кіретін лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісі қолданылады. Лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісін енгізуді тек медицина қызметкерлері ғана жүзеге асыруы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.