+422 бонус

КОГНУМ 500 мг №50 таб Гопантеновая к-та

9:00-ден кейін қолжетімді
8450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие психостимулирующие и ноотропные средства
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Киевский витаминный завод ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: гопантен қышқылының кальций тұзы 250 мг немесе 500 мг, қосымша заттар: ауыр магний карбонаты, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.
Қолданылуы
Кешенді емнің құрамында: - мидың органикалық зақымданулары кезіндегі когнитивтік бұзылулар (соның ішінде нейроинфекциялар және бассүйек-ми жарақаттары салдарынан); - ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінен туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздік; - экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерация, Паркинсон ауруы); - психикалық үдерістер баяулайтын эпилепсияда, құрысуға қарсы дәрілік заттармен бірге кешенді емдеу үшін; - психоэмоциональді артық жүктемелер, ақыл-ой және физикалық жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі (зейін қоюды және есте сақтауды арттыру үшін); - несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстары: энурезде, поллакиурияда, императивтік қысылу, несепті императивтік ұстай алмау; - дәрілік зат 4 жастан асқан балаларда перинатальді энцефалопатияда, айқындылығы әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінде, даму (психикалық, сөйлеу, моторлық) кідірісінде, балаларда церебральді салданудың алуан түрлерінде, гиперкинетикалық бұзылыстарда (зейін қою тапшылығымен аса жоғары белсенділік синдромы, тартылу), тұтықпада (көбіне клонустық түрінде), неврозға ұқсас жағдайларда қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- дәрілік заттың компоненттеріне жоғары сезімталдық - бүйректің жедел ауыр аурулары
Дозасы
Когнумды кешенді ем құрамында қолдану керек. 12 жастан асқан балалар мен ересектер үшін бір реттік доза – 250 мг-1000 мг, 4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін – 250-500 мг. 12 жастан асқан балалар мен ересектер үшін тәуліктік доза – 1500-3000 мг, 4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін – 750 мг-3000 мг. Емдеу курсы 1 айдан 4 айға дейін, кейбір жағдайларда 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін қайта емдеу курсын жүргізуге болады. Нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдарында: 4 жастан асқан балаларға және ересектерге – тәулігіне 3-4 рет 250 мг. Цереброваскулярлық жеткіліксіздік кезінде: ересектерге – тәулігіне 3-4 рет 250 мг. Нейролептиктерді қолданудан болған экстрапирамидалық бұзылуларды емдеу үшін: 12 жастан асқан балаларға және ересектерге 500 мг-1000 мг тәулігіне 3 рет, 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға – 250-500 мг-ден тәулігіне 3-4 рет. Емдеу курсы 1-3 ай. Эпилепсия кезінде құрысуға қарсы дәрілермен біріктіріп: балаларға 4 жастан бастап 12 жасқа дейін – тәулігіне 3-4 рет 250-500 мг-ден, балаларға 12 жастан бастап және ересектерге – ұзақ уақыт (6 айға дейін) бойы күн сайын, тәулігіне 3-4 рет 500 мг-1000 мг-ден. Психоэмоциональді артық жүктемеде, ақыл-ой және дене жұмысына қабілеттілігі төмендегенде: балаларға 4 жастан бастап және ересектерге – тәулігіне 3 рет 250 мг-ден. Несеп шығару бұзылыстарында: балаларға 12 жастан және ересектерге – тәулігіне 2-3 рет 500 мг-1000 мг-ден, балаларға 4 жастан 12 жасқа дейін – тәулігіне 2-3 рет 250-500 мг-ден (тәуліктік дозасы – дене салмағының 25-50 мг/кг). Емдеу курсы – 1-ден 3 айға дейін. Балаларға 4-тен бастап 12 жасқа дейін перинатальді энцефалопатияда, ақыл-ой кемістігінде, церебральді салдануда Когнумды 3 ай бойы күн сайын тәулігіне 4-6 рет 500 мг-ден тағайындайды, сөйлеудің дамуы кідіргенде – 2-3 ай бойы тәулігіне 3-4 рет 500 мг. Гиперкинетикалық бұзылыстарда, тартылуларда, тұтыққанда, неврозға ұқсас жағдайларда дәрілік затты балаларға 4 жастан 12 жасқа дейін – 1-4 ай бойы күн сайын, тәулігіне 3-6 рет 250-500 мг-ден, балаларға 12 жастан және ересектерге – 1-5 ай бойы күн сайын, тәулігіне 1500-3000 мг-ден тағайындайды. Дәрілік заттарды тағайындау тактикасы: 7-12 күн бойы дозаны арттыру, 15-40 күн бойы ең жоғары дозаны қабылдау және 7-8 күн ішінде Когнумды қолдануды тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендетеді. Емдеу курсының арасындағы үзіліс 1-ден 3 айға дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.