+196 бонус

КО-ВАЛОДИП 5мг/160мг/12.5мг №30 таб п п о

3930 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан, амлодипин и гидрохлоротиазид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО КРКА-РУС
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында 5 мг/160 мг/12,5 мг: белсенді заттар: амлодипин бесилаты 6,94 мг (5 мг амлодипинге баламалы), валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг 10 мг/160 мг/12,5 мг: белсенді заттар: амлодипин бесилаты 13,88 мг (10 мг амлодипинге баламалы), валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг 10 мг/160 мг/25 мг: белсенді заттар: амлодипин бесилаты 13,88 мг (10 мг амлодипинге баламалы), валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 25 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон К25, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, маннитол, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, үлбірлі қабық: поливинил спирті, макрогол 3350, титанның қостотығы (E171), тальк, темірдің қызыл тотығы (E172) - тек 10 мг/160 мг/12,5 мг үшін, темірдің сары тотығы (E172) - тек 10 мг/160 мг/25 мг үшін
Қолданылуы
- артериялық қысымы жекелеген үш дәрілік препарат түрінде, немесе, олардың біреуі біріктірілген, қалғаны екі препарат түрінде қабылданатын амлодипин, валсартан және гидрохлоротиазид біріктірілімімен бақыланатын, ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін орнын басатын ем ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- амлодипиннің, валсартанның, гидрохлоротиазидтің белсенді субстанцияларына, сульфонамидтің басқа туындыларына, дигидропиридиннің туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы немесе өт холестазы - тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисімен алдында емдеу кезіндегі ангионевроздық ісіну - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <30 мл/мин/1,73 м2), анурия, гемодиализдегі пациенттер - қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <60 мл/мин/ 1,73 м2) бар пациенттерде Ко-Валодип препаратын ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен (АРБ ІІ) немесе құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану - рефрактерлі гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия және симптоматикалық гиперурикемия - ауыр артериялық гипотензия - шок (кардиогенді шокты қоса) - сол жақ қарыншадан шығу жолының обструкциясы (гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатияны және клиникалық елеулі аорта стенозын қоса) - жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі
Дозасы
Ко-Валодип препаратын ұсынылатын дозасы тәулігіне, дұрысы таңертең, бір таблетканы құрайды. Ко-Валодип препаратын қолдануға ауысу алдында пациенттің жағдайы тәуліктің белгілі бір уақытында қабылданатын монопрепараттардың тұрақты дозаларын қабылдаумен бақылануы тиіс. Ко-Валодип препаратының дозасы препаратты ауыстыру сәтінде қолданылатын біріктірілімнің жекелеген компоненттерінің дозаларына негізделуі тиіс. Амлодипиннің/валсартанның/гидрохлоротиазид ұсынылатын ең жоғары дозасы 10 мг/320 мг/25 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препараттың құрамына гидрохлоротиазид кіретін болғандықтан, Ко-Валодип препаратын ануриясы және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) <30 мл/мин/ 1,73 м2) пациенттерге қолдануға болмайды. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бастапқы дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препараттың құрамына валсартан кіретін болғандықтан, Ко-Валодип препаратын ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Холестазбен қоса жүрмейтін, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін валсартанның ұсынылатын ең жоғары дозасы 80 мг құрайды, сол себепті Ко-Валодип препараты пациенттердің осы тобында қолданылмайды. Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттер үшін амлодипинді дозалау жөніндегі нұсқаулар анықталған жоқ. Артериялық гипертензиясы бар және бауыр функциясы бұзылған пациенттерді Ко-Валодип препаратын қабылдауға ауыстырғанда амлодипин компонентінің ең төмен дозасын қолдану керек. Жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруы Амлодипин/валсартан/гидрохлоротиазид препаратын, әсіресе ең жоғары дозаларда қолдану тәжірибесі жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде шектеулі. Препаратты жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде, препараттың әсіресе ең жоғары 10 мг/320 мг/25 мг дозасын сақтықпен қолдану ұсынылады. Егде жастағы (65 жастағы және одан үлкен) пациенттер Егде жастағы пациенттерде препаратты, әсіресе препараттың ең жоғары 10 мг/320 мг/25 мг дозаларын сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені препаратты пациенттердің осы тобында қолдануға қатысты деректер шектеулі. Мұндай пациенттерде артериялық қысымды жиі бақылау қажет. Артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттерді Ко-Валодип препаратын қабылдауға көшірген кезде амлодипин компонентінің ең төмен дозасын қолдану керек. Балалар Ко-Валодип препаратын көрсетілімдері бойынша эссенциальді артериялық гипертензиясы бар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Ко-Валодипті тамақ ішу уақытына қарамай-ақ қабылдай беруге болады. Таблетканы тәуліктің белгілі бір уақытында, дұрысы таңертең, аздаған су мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.